«Еліміздегі жерге қатысты дау-жанжалдың барлығының артында Қытай тұр» - қоғам белсендісі

Қоғам белсендісі Нұрлыбай Қошаманұлы Қазақстанда жер дауына себепкер болып отырған факторды атады. Жер жанашырының айтынша, еліміздегі жерге қатысты дау-жанжалдың туындауына Қытай басты себепкер болып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қазақстанда жер дауын туындатқан кім еді? Ол Қытай болатын. Жер дауы 1,7 млн га жерді Қытайға, сондай-ақ шетелдік үлесі бар компанияларға 25 жылға жалға беру туралы 2015 жылы қарашада Жер Кодексіне енген өзгерістен басталды. Мұның басында тағы да Қытай тұрды. Сондай-ақ, әрбір «шетелдік үлес» деген бүркеменің артында да өзге елдердегі қытай өкілдері тұрды.

Мұның соңы 7 қалада наразылық митингілердіне ұласты. Назарбаев мараторий жариялауға мәжбүр болды. Халық 25 жылға шетелге Қытайға, шетелдіктерге жерді жалға беру оны елдің тәуелсіздігіне тікелей төнетін қауіп деп қабылдады. 

Жер халықтың қолында қалған соңғы старатегиялық тетігі еді. Қолындағы соңғы қаруы (жер асты, жер үсті бар байлығы бұған дейін сатылып кеткен болатын) жерінен айырылу қазақ үшін – АЙТАҚЫРДА, Ш.Мұртаза айтқандай «ЖАЛАҢБҰТ» қалумен бірдей еді.

Жер Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге асығар емес. Заң жобасы әлі күнге дейін халықтан құпия. Бұған қытай мен екі арадағы экономикалық келісім-шарттардың құпиялылғын тағы қосыңыз. Демек, Қытайға жер сату жалға беру мәселесі күн тәртібіне қайта шығуы әбден мүмкін.

Мен соңғы кезде қытай мәселесін зерделей жүріп бір нәрсеге көзім жетті. Бір нәрсе айқын – бүгінде Қазақстаннан бірде-бір шет мемлекеттері жер сұрап отырған жоқ. Жер сұрап жүрген жалғыз ҚЫТАЙ екен....

Осындайдан соң болашақта Қазақстанда «қытай әлеуметтік, экономикалық, ұлтаралық ахуалды ушықтырушы басты фактор» болуы мүмкін екенін кім бұрысқа шығарар екен? Соңғы кезде Алматы облысы, Бұғыты елді мекеніндегі жер алып, тағы бір өндіріс орнына салмақшы қытайлықтарға қарсы шыққан белсенділерді билік тағы да қорқытып-үркіте бастапты. Әрқайсысының үйлеріне барып ҰҚК, Әкімгшілік өкілдері барып жұмыс жүргізіп жатқан көрінеді», - деп жазған ардагер дәрігер-журналист Нұрлыбай Қошаманұлы өзінің facebook парақшасында.

Жер жанашыры сонымен қатар, жер дауы мен жесір дауының ешқашан да жақсылық әкелмегенін тілге тиек еткен.

«Айтарым, қандай түрде болсын Қытайға завод салуға жер беруге болмайды. Тарихтан белгілі «жер дауы мен жесір дауы» жақсылыққа әкелмеген. Жер мемлекеттігіміздің негізі. Қытайға жер беру, олардың 56 өндірісін көшіріп әкелу – болашақтағы бір шиеленістің басы. 

Қытай факторы - Қазақстанда түбі бір бүлікке әкеледі, мұны билік түсінгендері жөн.. ОНЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ЖАЛҒЫЗ ЖОЛЫ - ҚЫТАЙ ӨНДІРІСІНІҢ КӨШІН ТОҚТАТУ.... 
Сақ бол, сергек бол Қазақ!!!», - деп атап өткен жазба авторы. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста