Елімізде тағы бір саяси партиясы ресми түрде тіркелді

Respublica партиясы ресми түрде тіркелді. Бұл туралы партияның басшысы Айдарбек Ходжаназаров Фейсбуктегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

«Біздің ресми өкіліміз Астана қаласының ХҚО-ларының бірінде Respublica партиясының тіркеу құжаттарын қолына алды. Енді біз еліміздің жаңа, ресми тіркелген саяси күшіміз» деп жазды Айдарбек Ходжаназаров әлеуметтік желіде.

 

Айта кетейік, партияның тең төрағалары - Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Максим Барышев, Динара Шукижанова, Қуаныш Шонбай, Бейбіт Әлібеков және Нұрлан Қоянбаев.

 

Өткен жылғы 19 желтоқсанда Қанат Мусин Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып, осы Respublica партиясы ресми тіркелгенін айтқан еді.

 

Артынша, Әділет министрлігі жаңа саяси партия тіркелгені жайлы өз ақпаратын жоққа шығарды.

 

Айта кетейік, бұл - елімізде тіркеліп отырған жетінші саяси партия:

 

1. «AMANAT» партиясы;

 

2. «Ақ Жол» Қазақстан демократиялық партиясы;

 

3. «Қазақстан Халық партиясы»;

 

4. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;

 

5.«Жалпыұлттық социал-демократиялық партия»;

 

6. «Байтақ» қазақстандық жасылдар партиясы;

 

7. «Respublica» партиясы.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста