Елімізде малды чип арқылы сәйкестендіруі мүмкін

Елімізде ветеринария жүйесін реформалау аясында осы саланы жүйелі цифрландыру жоспарлануда. Көптеген процестерді автоматтандыру ветеринарлық қызмет қызметкерлерін көп уақытты қажет ететін қағазбастылықтан құтқарады.

Бұл туралы Х Азаматтық форум барысында АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Абызбаев мәлімдеді.

Мобильдік қосымшасы бар арнайы бағдарламалық өнім әзірленетін болады, оны пайдалана отырып ауылдық округтің ветеринариялық дәрігері жануарлармен туғаннан бастап союға немесе өлуге дейін жүргізілетін барлық іс - шараларды тіркей алады және оларды электрондық ветеринариялық паспорттарға автоматты түрде енгізе отырып, цифрлық форматта орталық дерекқорға бере алады, - деді Бауыржан Абызбаев.
Ол жануарды тіркеумен, оның ел аумағы бойынша қозғалуымен байланысты барлық процестер қағаз құжаттармен бірге сандық форматта қадағаланатынын атап өтті. Бұл қайталанатын ветеринариялық анықтамаларды және дерекқорда жоқ анықтамаларды пайдалануға байланысты әртүрлі бұзушылықтарды болдырмауға мүмкіндік береді.

Тағы бір жаңалық - бұл жануарға оның өмірлік циклінің бүкіл кезеңінде адамның ЖСН-ы секілді бір ғана сәйкестендіру нөмірін беру. Бұл АЖС дерекқорындағы орын алып отырған шатасуды, сондай-ақ жоғалған биркаларды ауыстыру салдарынан жануарлар туралы деректерді бұрмалауды жоюға мүмкіндік береді. Ол үшін жануарларды тері астындағы чиптерді енгізу арқылы сәйкестендіру ұсынылады, ал құлақ тегтері сәйкестендірудің қайталанатын атрибуты болады, - деді Комитет басшысының м.а.
 

Ол сондай-ақ жоспарланған ветеринария жүйесін реформалау бизнес өкілдерімен және барлық мүдделі тараптармен кеңінен талқыланатынын атап өтті.


BAQ.KZ

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста