Бүгін еліміздің бірнеше аймағында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық тас жолдар жабылып, автокөліктердің жүруіне шектеу қойылды.
Синоптиктердің хабарлауынша, Ақмола облысында қар жауып, боран соғады. Соның әсерінен Астана-Қарағанды және Астана-Павлодар бағыттарыда көліктің барлық түрлері тоқтады. Ақтөбе облысында да боранның салдарынан Қандыағаш-Ырғыз тас жолдары жабылды. Алматы облысындағы Үшарал-Достық пен Шығыс Қазақстан және Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында да көліктер қозғалысы тоқтады.