Қазгидромет 14, 15 және 16 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктер батыстан келе жатқан келесі антициклон республика аумағына ауыса бастайтынын жеткізді.
"Қазақстанның барлық өңірлеріне жаз келіп жетті. Батыстан келген антициклон еліміздің аумағына жазғы ауа райын әкеліп, күн жылынады. Кейбір аудандарда қысқа мерзімді жаңбыр жауады, бірақ күн жылы болады. Тіпті солтүстікте де күн жылынады", - делінген хабарламада.