Еліміз Оңтүстік Кореямен медицина саласында да әріптестік құрмақ

Жуырда Алматыға Корея республикасының бір топ дәрігері келіп, отандық денсаулық сақтау саласының  мамандарымен кездесті. Басқосу барысында қазақстандық дәрігерлерді аталған елге тәжірибе жинақтауға  жіберу  мәселесі қаралды. Сондай-ақ жиында екі елдің осы салада жеткен жетістіктері  сөз етілді.
Кенги-до провинциясы губернаторы­ның денсаулық сақтау саласы жөніндегі ар­найы кеңесшісі Бэ Кисудың айтуынша, Корея медициналық қызмет сапасы жа­ғы­нан көп мемлекеттерден озық тұр. Мә­се­лен, Батыс Еуропа елдері және  Израильмен са­лыстырғанда бұл елде ем алу әлдеқайда тиім­ді. Оған бірнеше себеп те бар. бі­рін­ші­ден, Оңтүстік Кореяда медициналық қыз­мет көрсету құны анағұрлым төмен.  Мәселен, Кореяда жүрекке жасалатын опе­рация құны Германиямен са­лыс­тыр­ған­да екі-үш есеге арзан. Екіншіден,  ме­ди­циналық мекемелері ең озық тех­но­ло­гия­лармен жабдықталған. Үшіншіден, жа­ңа технологияларды меңгерген жоғары бі­лікті мамандар жұмыс істейді. Төр­тін­ші­ден, аталған мемлекеттің үкіметі сырттан ке­ліп ем алатын адамдарға үлкен же­ңіл­дік­тер қарастырған.  «Кореяда он­ко­ло­гия­лық,  жүрек-қан тамырлары ауруына шал­дық­қандар бірінші орында тұр. Бірақ біз озық технология, сапалы мамандар арқы­лы оларды дер кезінде емдеп отырамыз. Біз барлық тәжірибемізбен Қазақстанмен бөлісуге әзірміз», – дейді  Бэ Кису. Аталған елге баратындардың тізімінде туберкулезді емдейтін дәрігерлер де бар.
Тоқтасын Мұқанұлы, Әуезов аудандық туберкулезге қарсы диспансердің аға дәрігері:
– Оңтүстік Корея медицинаны ор­та­­лықтандыру, компьютерлендіру, ақ­па­рат­тан­дыру  жағынан  көп елдің алдына шық­ты. Бұл сапардың біздің дәрігерлерге бе­­ре­тіні көп. Мәселен, кәріс елінде  ту­бер­ку­­лезбен ауыратын барлық ауруды бір жер­­де емдейді. Біз бұған әлі жете алмай отыр­мыз, – дейді.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста