Елге қызмет еткен полицейлер зейнет демалысына шықты

"Бейнет түбі — зейнет" - дейтін халықтың ұрпағымыз. Ал ішкі істер саласында зейнет жасына жету үлкен бақыт! Себебі тәртіп сақшылары күнделікті қызмет атқару кезінде түрлі қылмыскерлермен бетпе-бет келіп, өлім мен өмір арасында жүреді. Десекте елге абыройлы еңбек етіп, бейнетінің жемісін көретіндері жетерлік.

Мәселен Мақтаарал аудандық полиция бөлімінде бірқатар қызметкерлер құрметпен зейнет демалысына шығарылды. Олар полиция подполковнигі Дәурен Қарабаев, полиция майоры Естау Ержанов пен полиция аға лейтенанты Еркін Ақшораев.

Аталмыш салтанатты шараға Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің басшылығы мен жеке құрам қызметкерлері қатысып, зейнет демалысына шыққан әріптестеріне тілектерін жеткізді.

Ауданның бас полицейі полиция майоры Есімжан Надиров бөлім атынан ыстық лебізін білдіріп, зейнеткерлерді шын жүректен құттықтап, иықтарына шапан жапты.

Іс-шара ары қарай
Мақтаарал аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен спорттық шарамен жалғасын тапты. Яғни спорт кешенінде "кіші футболдан" турнир өткізіліп, оған жалпы 5 команда қатысты.

Тартысты ойында ұпай саны бойынша Мақтааралдық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары алға шығып, кубокты жеңіп алды. Ал ІІ-орын криминалдық полиция қызметкерлері мен көші-қон қызметкерлерінен құралған құрамаға бұйырды. ІІІ-орын болса, Атакент кентінің учаскелік полиция инспекторларына берілді.

Жүлделі орындарға ие болған қызметкерлерді зейнеткерлер мен Мақтаарал АПБ басшылығы құттықтап, бағалы сыйлықтар табыстады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста