Ақорданың баспасөз қызметі Facebook-тегі парақшасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көкпар тартып келе жатқан сәтінен түсірілген сирек суретінің бірін жариялады.
Құлағы түрік көпшілік Қырғызстанның Ыстықкөл облысында Көшпелілердің бүкіләлемдік ІІ ойындары өтіп жатқанын жақсы біледі. Түркі халықтарының дәстүрі мен өнерін, ептілігі мен тектілігін, бірлігі мен ерлігін паш ететін аламан додаға 62 елдің мыңға жуық спортшысы қатысуда. Бұл – көшпелілердің бүгінгі ұрпағының спорт саласында да ешкімге есе жібермейтінін әлемге әйгілейтін шара.
«Түркінің түгел болуы жолында ерен қайраткерлік көрсетіп келе жатқан елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы мүмкіндік туып, қол босағанда атқа мініп, желмен жарыса шабуды, көкпар тартуды сүйетін, ұлтымыздың үздік қасиеттерін бойына жинаған нағыз қазақ перзенті екені жұртқа мәлім. Осы орайда бүгін Фейсбук пайдаланушылары назарына Қазақстан Президентінің көкпар тартып келе жатқан сәтінен түсірілген сирек суретінің бірін ұсынып отырмыз», - делінген хабарламада.