Елбасы көше сыпырушы туралы xикаяны айтып берді

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «100 жаңа есім» жобасының екінші кезеңіне өткен жеңімпаздармен кездесті. Сол жерде Мемлекет басшысы өз ісінің xас шебері болған көше сыпырушы туралы айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің есіме бір xикая түсіп отыр. Бір көше сыпырушысы болған. Ол ірі банк ғимараты маңын жинаумен айналысқан. Бір күні банк басшылығы өз қызметкерлерін біліміне қарай тексеріп шығуды ұйғарды. Оны да шақырып, қол қоюды сұрайды. Жаңағы көше сыпырушысы қол қоя алмаймын, саусақтың ізін ғана қалдыра аламын дейді. Сонда мектепте оқыған жоқсың ба? Жоқ дейді. Жоғары білімің де жоқ па? Жоқ. Сонда банк басшылығы оның сыпайы, ізетті әрі өз жұмысын үлкен жауапкершілікпен атқарғанына қарамастан жұмыстан шығарып жіберді. Бізге білімі бар адам керек деп, шығарып салды», - деді Н.Назарбаев.

Президенттің айтуынша, жаңағы көше сыпырушысы біраз уақыт жұмыс іздеп жүрді. Сосын өзі сияқты адамдарды тауып алды да, көше жинайтын компанияны құрды.

«Аталған компания қалада ең үздік кәсіпорындардың қатарына енді. Ал көше сыпырушысы ең бай адамға айналды. Бір күні оны бұрын жұмыс істеген банкке қайтадан шықырыпты. Сіздің есепшотыңызда осыншама ақша бар, қол қоюыңыз қажет деді. Сол кезде ол мен қол қоя алмаймын, тек саусағымның ізін ғана қалдырып кетемін депті. Сонда мектепте оқыған жоқсың ба? Жоқ дейді. Жоғары білімің де жоқ па? Жоқ. Бай адамға қалай айналдыңыз? Мені жұмыстан шығарып жіберген бір банкирдің арқасында осындай деңгейге жеттім деген екен. Сондықтан мен үнемі осы бір маңызды мәселені айтып отырамын. Кейбір адамдар Оксфорд, Кембриджді бітіріп келеді. Бірақ ешқандай жетістікке жете алмайды. Барлығы адамның өзіне байланысты. Мақсатқа жетуге тырысу қажет. Арманы болуы керек. Арманын орындаған адам ғана өзінің ойлаған ойына жетеді», - деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Астанадағы «Қазмедиа» орталығында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының екінші кезеңі жеңімпаздарымен кездесуі өтіп жатыр. Олардың ішінде 29 жастағы Ержан Сәлімгереев те бар. Ол үшінші сыныпта оқып жүргенде трансформатордың ішіне кіріп, тоққа түсіп қалды. Сол кезде ол бір қол және бір аяғынан айырылды. Бірақ қиыншылыққа мойымай, xалықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем кубогының төрт дүркін иегері, Азия ойындарының екі мәрте жеңімпазы дәрежесіне дейін жетті.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста