Ел-жұртынан айырылған жаман екен...

1944 жылғы ақпанның 23-і ингуш пен шешен халқы үшін қасіретті күн саналады. Себебі бұл күні ингуштер мен шешендер кеңес өкіметінің жапқан жаласымен туған жерлерінен Қазақстанға жер аударылған. «Немістің басқыншыларына болысып, солардың сойылын соқты» деген желеумен жер аударылған бұлардың жүрегінде кеңес өкіметінің озбырлығы әлі күнге дейін шемен боп қатқан.
Кеше сол оқиғаға аттай 67 жыл болыпты. Осы күнді еске алып, шешендер мен ингуштер кеше Кунта қажы мешітінде конференция өткізді. Ондағы мақсаттары – кейінгі ұрпаққа тарихтың ақ-қарасын ашып беру. «Кеңес өкіметінің жапқан жалалары өтірік, еш негізсіз саналады. Шешендер мен ингуштердің қоныс тепкен жерлеріне немістердің табаны да тимеген еді. Бұл нағыз зорлық-зомбылықтың өзі. Елдегі қару ұстауға қабілеті барлардың бәрі майдан шебінде жүргенде жасалған жағдай еді», – дейді «Вайнах» шешен-ингуш этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Салман Героев. Оның айтуынша, кеңестіктер тіпті қазақ жұртын да жер аударушыларға қарсы үгіттеп қойған екен. Бұлар жайында қазақтарға «адамжегіш, жыртқыш, кеңес халықтарының жауы» деп құлақтандырған. «Алайда қазақ халқы шешен мен ингуштердің анау айтқандай жыртқыш емес екенін көреді. Өздері сияқты намаз оқып, ораза ұстайтынын байқайды. Сөйтеді де қазақ ұлты бізбен дастарқанындағы нанын бөлісіп жеп, отауының ішінен орын бөліп берді, қонақжайлылық танытты», – дейді ол қазақтың дархандығын айтып.
Салман Героевтың келтірген мәліметіне сүйенсек, жер аударылып келген 478 мың 479 шешен-ингуш халқының бірінші жылда-ақ 288 мың 770-і аштықтан, аурудан, климаттың ауысу себебінен қырылып қалған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста