Биыл экстремистік діни ағым қолданушыларының қаржылық әрекеттері бойынша 81 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Қаржы полициясы агенттігінің өткен тоғыз айдағы жұмысты қорытындылаған мәжілісінде айтылды.
Мамандардың мәліметінше, биыл ұзақ мерзімді жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде ұйымдасқан қылмыстық топтарды құру және олардың қызметіне қатысу фактілері бойынша 32 қылмыстық іс қозғалды. Ал деструктивті қызметті қаржыландыру фактілері бойынша 81 қылмыстық іс қозғалды, оның бәрі экстремистік діни ағым өкілдеріне қатысты. Экстремистік ағымдарға бағынышты коммерциялық ұйым басшыларына қатысты 26 қылмыстық іс қозғалған. Агенттіктің басты міндеті – сыбайлас жемқорлықпен күреске келсек, биылғы тоғыз айда жемқорлық деректерінің 1525-тен 1657-ге, яғни 8,7%-ға көбейгені белгілі болды. Жауапкершілікке тартылғандар саны 594-тен 785 адамға көбейген. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарынан мемлекет қазынасына 7,4 млрд теңге көлемінде залал келгені анықталды, қазіргі уақытта оның 90%-ы бюджетке қайтарылған.
Экстремизмді қаржыландыру бойынша 81 қылмыстық іс қозғалды
Последние статьи автора