Экстремизмді қаржыландыру бойынша 81 қылмыстық іс қозғалды

Экстремизмді қаржыландыру бойынша 81 қылмыстық іс қозғалды

Биыл экстре­мис­тік діни ағым қол­да­ну­шылары­ның қар­­жылық әре­кет­тері бойынша 81 қыл­мыстық іс қоз­ғалды. Бұл ту­ралы Қаржы по­лициясы агент­ті­гінің өт­кен тоғыз айдағы жұмысты қорытындылаған мә­жілісінде айтылды.

Мамандардың мәліметінше, биыл ұзақ мерзімді жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде ұйымдасқан қылмыстық топтарды құру және олардың қызметіне қатысу фактілері бойынша 32 қылмыстық іс қозғалды. Ал деструктивті қызметті қаржыландыру фак­тілері бойынша 81 қылмыстық іс қозғалды, оның бәрі экстремистік діни ағым өкілдеріне қатысты. Экс­тре­мистік ағымдарға бағынышты коммерциялық ұйым басшыларына қатысты 26 қылмыстық іс қоз­ғал­ған. Агенттіктің басты міндеті – сыбайлас жем­қор­лық­пен күреске келсек, биылғы тоғыз айда жемқорлық де­ректерінің 1525-тен 1657-ге, яғни 8,7%-ға кө­бей­ге­ні белгілі болды. Жауапкершілікке тартылғандар са­ны 594-тен 785 адамға көбейген. Сыбайлас жем­қор­лық қылмыстарынан мемлекет қазынасына 7,4 млрд теңге көлемінде залал келгені анықталды, қазіргі уа­қытта оның 90%-ы бюджетке қайтарылған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста