Экологиялық төлем түйткілін тек жаңа заң шеше ме?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өттік. Еліміз демократия­лан­дырудың жаңа белесіне көтеріліп, көппартиялы Парламент құрылды. Одан кейін Елбасымыз Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын арнады. Бұл Жолдау әлемге қаржы дағдарысының екінші кезеңі қауіп төндіріп тұрған уақытта Қазақстан халқының әл-аухатын жақсартуға бағытталғанымен құнды. Иә, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту – мәртебелі іс. Осы орайда құзырлы орындар назарын мына бір  өзекті мәселеге аударғым келіп отыр. Сайып келгенде, бұл да әлеуметтік салаға қатысты.
«Сыр – Алаштың анасы» деп Ел­ба­сымыз Нұрсұлтан На­зарбаев атаған  ай­мақ Мемлекет басшысының ұдайы қам­­қорлығын сезініп келеді. Пре­зи­дент тапсырмасымен Қызылорда об­лы­сында өңірдің экологиялық ах­уа­лын са­уықтыруға бағытталған, ха­­лық­тың әлеуметтік жағдайын жақ­сартуды көздейтін ауқымды жобалар жү­зеге асы­ры­луда. Кеңестік кезеңде эко­номикасы аграрлық са­ла­мен шек­теліп қалған өңірде мұнай өндірісі да­ми бер­сін деп Қарағанды облы­сы­ның жерін Сыр аймағына жалға беру мер­зімін тағы да ұзартып берді. Ел­ба­сымыз осы­лайша бір жағында тар­тылған Арал теңізінің тұзды та­баны, бер жағында Байқоңыр ғарыш ай­ла­ғы, оған қоса, уран өндірілуімен ра­диа­ция әсері бар аймақ халқына  ерек­ше көзқарас танытып келеді. Эко­­логиялық апат аймағы саналған об­лыс тұрғындарына экологиялық же­ңілдіктер қарастыратын «Арал өңі­ріндегі экологиялық қасірет сал­да­рынан зардап шеккен азаматтарды әлеу­меттік қорғау туралы» Заңының жұ­мыс істеп тұруы да – соңың бір дә­лелі. Шынында да, жаздың 50 гра­дус­қа жақын­дай­тын ми қайнатар ап­тап ыстығы, 40 градусқа жуықтайтын қыс­­қы аязы, жылдың алты айында шаң боратып соғатын аңы­зақ желі бар суперконтиненталды климатты өңір тұр­ғындарына бұл жеңілдіктер – өте қажетті нәрсе және әжеп­теуір демеу. Бірақ осы заңды тұрғындарға қатысты тең­сіздік толық сақталған деп айта аламыз ба? Заң бо­йынша облыста еңбек етіп жатқан адам­дар­дың бар­лы­ғының жалақысына эко­логиялық коэффициент қосы­лады. Ол Арал және Қазалы аудандарында 50 пайыз болса, қалған бөлігінде – 30 пайыз. Аталған екі аудан эко­ло­гия­лық апат ай­мағының орталығы са­нал­ған­дық­тан, бұл жағынан айтар дау жоқ. Мә­се­ле – басқада. Аталған коэ­фи­циент­тер әркімнің жала­қы­сының көлеміне қарай қосылады.  Ал осы дұрыс па? 
Ойлап қараңызшы, мәселен, мем­­лекеттік бір мекеме бас­шысының жа­­лақы ставкасы  200 мың теңге де­лік. Заң­ға сәйкес, оның айлығына (30 па­йыз­дық үстемемен есеп­тегенде) 60 мың теңге қосылуы тиіс. Ал 60 мың теңге де­ген – төмен қызметте жүр­ген­дердің айлығы. Тіптен одан да төмен, 25-30 мың теңге шамасында алып жүр­­ген­дер жетерлік. Ал соларға эко­логиялық коэффициент әрі кетсе 9-10 мың теңге көлемінде ғана қо­сы­лады. Сон­да жоғары қызметте жүр­гендер экологиялық аймақта жұ­мыс істеп, оның зардабын сезінгені үшін ай­лығына қо­сымша 60 мың теңгеден аса ақша алса, төменгі қыз­мет­керлердің ала­тыны 10 мыңға жетпейді.
Бұл қалай болғаны сонда? Бәрі бір өңірде, атап айтқанда, эколо­гия­лық ахуалы басқа аймақтармен са­лыс­тырғанда төмен саналатын об­лыста тұрып, сол жердің ауасын жұ­тып, суын ішеді. Жоғары қызметте жүр­гендердің қоршаған ортаның зиянды әсерлерін азайтуға онсыз да айлық жалақысы жетіп-артылады.
Олардың құнарлы азық-түлік, кө­көніс пен жемістерді, қажетті дәру­мен­­дерді сатып алып тұруға шамасы мо­­лынан жетеді. Денсаулығын түзей­мін десе, ауруханалар мен ши­па­жай­ларға қолжетімділігі қарапайым ха­лық өкілдерімен са­лыс­тырғанда ан­а­ғұрлым жоғары емес пе?
Бұл жерде осындай теңсіздік орын алып отыр деп ешкімді кінәлаудың реті жоқ, ешкімді жазғыруға бол­май­ды да. Өйткені заң солай қабылданған, оны тек орындау керек. Әкімдерге он­сыз да зор жауапкершілік жүктелген. Мың сан проблемалардың шешімін та­уып отыруы қажет. Мемлекеттік қыз­­меткерлер мен құқық қорғау са­ла­сы өкілдерінің әрқайсысының өз мін­деттемелері бар.
«Бұл заңның жобасын жасағандар мен оны қабылдағандар қайда қараған?» деп те айта алмаймыз. Өйткені заң алғаш қабылданған уақытта көптеген баптардан тұратын. Бірқатар баптар табысы төмен отбасыларына арнайы көмек көрсетуді міндеттейтін. Заңға сәйкес, тұрғындарға жеңілдікпен 2 тоннадан көмір беріліп тұр­ғаны есімізде. Онан бөлек жеңілдік түрлері де болды. Әйтеуір аталмыш заң талаптары алғашқы кезде табысы төмен отбасыларына біраз көмек көрсетіп, теңгермешілікті ұстап тұрды. Алайда кейіннен заңның көп­теген бөліктері алып тасталынып, жоға­рыдағы негізгі бап түрлері қана қалды. Ал өздеріңіз байқағандай бұлар негізінен жалақысы жоғары адамға ғана жағымды екен.
Ал әділіне келсек, экологиялық коэффициент бұл мерекеге байланысты жала­қы көлеміне сәйкес қосылатын сыйақы емес (негізінде бұл мәселеге де басқаша көз­қарас танытса артық болмас еді), эко­логиялық үстеме болғаннан кейін ол бар­лығына бірдей төленуі тиіс. Ол 50 пайыз қосылатын аудандарда белгілі бір көлем­де, 30 пайыздық аймақта сәйкесінше одан төмендеу болуы қажет. Оған қалай қол жет­кізуге болады? Заң қатып қалған догма емес, оған уақыт, заман талабына қарай өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болады. Ендеше бұл заңға да өзгеріс енгізе­тін уақыт жетті. Оны үстіміздегі жылы қа­лып­қа келтіріп жатса, нұр үстіне нұр болар еді.
Қазір облыста экологиялық төлемге бір жылға қаралған қаржы көлемі 11 млрд теңге шамасында. Бірақ бұл ақша тек бюджеттен қаржыландырылатын қызметкер­лерге ғана төленеді. Осы қаржыны оларға бірдей етіп төлегені абзал. Әрине сол­түс­тіктегі екі ауданда сәйкесінше көбірек болады. Осыдан кейін басқа салаларды да осыған теңестіріп төлеуге міндеттеген дұ­рыс. Мүмкін, есептеудің мынандай жолын қарастырар: Облыстағы орташа жалақы көлемі 70 мың теңге деп алсақ, соның 50 пайызы – 35 мың теңге, 30 пайызы 21 мың теңге болып шығады. Міне, осындай көлемде аймақтарына қатысты төленіп отырғаны дұрыс болар еді. Немесе эко­логиялық коэффициентті ең төменгі ай­лық, не АЕК көлемімен есептеудің жолдарын ойластыру керек болар. Есептеудің мұндай жолдарынан жоғары айлық алып жүргендердің ұтылатыны рас. Бірақ олар бұл жағдайға ренжімес деп ойлаймын. Өйткені қаншама жерлестерінің жалақы­сына 5-10 мың теңге қаржы қосылады. Мұ­ның өзі – оларға біраз көмек. Қарлы­ғаш­тың қанатымен су сепкендей. Біреулер «5-10 мың теңге деген не тәйірі» деп ойлауы мүмкін. Ондайларға бұл екі-үш қап ұнның құны екенін жеткізуге болады. Және бір ескеретін жайт, халықтың көпшілігі жеке секторда істейтіндіктен, олардың эколо­гиялық төлем алуға мүмкіндіктері жетпеуі ықтимал. Әсіресе солтүстік аудандарда. Ондай жағдайда мемлекет қосым­ша субсидия беру жағын ойластыру керек болар.
Мамандар кіріссе барлығына бірдей төлеудің механизмін жасап алатынына сенімдімін. Мүмкін, қаржы көлемінің немесе жұмыс істейтін адамдар санының өз­геруіне байланысты төлем мөлшерін де өзгертіп тұру керек болар. Оны жылына бір немесе екі рет алдын ала облыстық мәс­лихат шешімімен бекітіп алып тұру қиын­ға соқпас. Тоқсан ауыз сөздің тобық­тай түйіні болады. Қысқасын айтқанда, заңға өзгеріс енгізу қажет. Сыр елінде ең­бек етіп жатқан барлық қатардағы қыз­меткерлер мен жұмысшылар пайдасына. Осындай көзге ұрып тұрған теңсіздікті қалыпқа келтіретін мезгіл жеткен сияқты.
Аталған мәселеге байланысты заңгер­лер, қаржыгерлер, экономистер, Парламент депутаттары, оның ішінде Сыр өңірі­нен сайланған азаматтар, сондай-ақ жергілікті мәслихат депутаттары пікірлерін біл­діріп, мәселенің оң шешімін табуына атсалысады деп сенемін.
Ыдырыс ТҰРЛЫҒҰЛОВ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Қызылорда қаласы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста