Екібастұздағы ЖЭО мемлекетке қарызымен қайтарылған. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысының кулуарында айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі , деп хабарлайды Azattyq Ruhy.kz-ке сілтеме жасап.
«Ол көмір үшін қарыз болған. Ол үшін қызмет алынды. Яғни, ақша қолданысқа енгізіліп қойды. Қазіргі заңнамаға сәйкес мемлекет нысанды қабылдағанда оны қарызымен бірге қабылдайды. Қарыздың көлемі 1 млрд теңгеден артық. Қазір оның иелерімен келіссөздер жүріп жатыр. ЖЭО басшысы Клебанов кәсіпорыннан дивиденттер алмады», - деді Алмасадам Сәтқалиев.