Екібастұз қаласындағы мектептерге конвекторлық жылыту жүйелері орнатылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұған дейін қабылданған шараларға қарамастан температураның төмендеуі байқалған мектептерде конвекторлық жылыту жүйелерін орнату туралы шешім қабылданған.
«Өткен аптада Екібастұздың 13 білім беру мекемесінде, оның ішінде 9 мектеп, 2 колледж және бір жатақханада «Коузи» энергия үнемдейтін конвекторлық батареялары орнатылды. Бүгінгі таңда осы мекемелердің сыныптары мен басқа бөлмелеріндегі температура 23-25 градусқа дейін жетті. Оқу орындары штаттық режимде жұмыс істеп тұр», - деп көрсетті Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Өңір басшысы кеншілер қаласын жылумен қамтамасыз ету жағдайын бақылауда ұстауды және Екібастұз ЖЭО-ың тұрақты жұмыс істеуі үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.