Бүкіләлемдік туристік индустрия үшін бизнес-қызметтер ұсынушы Travelport компаниясы мен Қазақстанның «Эйр Астана» ұлттық әуе тасымалдаушысы контент туралы ұзақ мерзімді келісім жасасты. Кеше тараптар бұл туралы Лондонда бірлесіп мәлімдеді. Дереу күшіне енетін жаңа келісімге сәйкес, Galileo және Worldspan жүйелерін пайдаланушылар бүкіл әлем бойынша «Эйр Астана» әуе компаниясының барлық тарифі мен ресурсына қол жеткізе алады.
Travelport келісімі Қазақстан секілді стратегиялық маңызды елдерге одан әрі инвестициялаудың ағымдағы стратегиясының бір бөлігі болып табылатынын растады. Travelport сондай-ақ жуырда жергілікті туристік индустрияға одан әрі инвестициялар тартуды қолға алмақшы. Travelport пен «Эйр Астана» арасындағы контент туралы алғашқы келісім қазіргі заманғы 22 ұшақ қызмет көрсететін 50-ден астам ішкі және халықаралық бағыт бойынша тарифтерге қол жеткізуді қамтитын болады. Келісімнің нәтижесінде «Эйр Астана» Travelport-ты брондаудың бәсекеге қабілетті көзі ретінде танып отыр. Демек, Travelport GDS жүйесін пайдаланатын Қазақстандағы агенттіктердің ішкі бағыттар бойынша брондау қызметі ешқандай ұсталымдарсыз жасалатын болады. «Эйр Астана» әуе компаниясының президенті Питер Фостердің айтуынша, Travelport компаниясының әлемнің әрбір ірі аймағындағы желілері ұлттық әуе тасымалдаушының бағдар желісін кеңейту жөніндегі қарқынды жоспарын толықтыра түседі. Бұл келісім жергілікті, аймақтық және ғаламдық нарықтардағы «Эйр Астана» сұраныстары үшін қызмет ететін болады. Travelport компаниясының Шығыс Еуропада бизнесті дамыту жөніндегі директоры Робин Рэнкен де қазақстандық әуе тасымалдаушымен контент туралы жасалған келісімнен көп артықшылық көріп отыр. «Қазақстан Республикасының туристік индустриясын инвестициялау – қазіргі стратегиямыздың бір бөлігі және елдің ірі әуе тасымалдаушысымен қоян-қолтық жұмыс істеу – біз үшін аса үлкен құрмет. Бұл ынтымақтастық осы туристік нарықтың әлеуетін іске асыруға септігін тигізеді», – деді ол контент туралы келісімді мәлімдеу шарасы кезінде. Айта кетейік, «Эйр Астана» – Халықаралық әуе көлігі қауымдастығына ресми түрде тіркелген және Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігінің талаптарымен әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуге тиісті сертификат алған Қазақстандағы жалғыз әуе компаниясы. Ал Travelport болса – өз қызметін халықаралық туристік салада жүзеге асыратын компанияларға коммерциялық қызметтердің кең ауқымын ұсынатын әлемдегі ірі компаниялардың бірі. 2009 жылғы табыстары $2,2 миллиардты құраған бұл компания өзінің қызметін әлемнің 160 елінде жүргізеді және оның 5000-нан астам қызметкері бар.
Эйр Астана» әуе компаниясы мен Travelport компаниясы контент туралы алғашқы келісімге қол қойды
Последние статьи автора