Егде жастағы әйелді өрттен аман алып шыққан жетісайлық полицей

Отбасылық жағдайына байланысты Шымкент қаласына барып, қайтып келе жатқан жетісайлық полицей Аян Рысбеков, өрт ішінен егде жастағы әйелді алып шығып, ерлік жасады. Нақтырақ айтсақ, полицей Аян өзінің отбасымен бірге көлікпен келе жатып, сусын алу үшін Қазығұрт ауданына қарасты күре жолдың бойындағы дүкені бар жазғы тамақтану орнына тоқтайды.

Осы сәтте көліктен түскен полицейге сол жердегі жас қыз жүгіріп келіп, өрт болып жатқанын, ғимарат ішінде апасы қалып қойғанын айтып, көмектесуін сұрайды. Мұны естіген полицей бір сәтте ойланбастан, өрт болып жатқан аймаққа қарай жүгіреді. Бар ойы іштегі адамды аман алып шығу. Содан алдынан тағы бір ер адам шығып, ішке кіре алмай тұрғанын, іштегі адамды құтқару керектігін айтады. Содан екеулеп отырып, қызыл жалынған оранған қоймалардағы өртті сөндіруге кіріседі. Айналада су жоқтығын көріп, жерді қазып топырақпен сөндіруге әрекет етеді. Осылайша полицей іште екі қойманың ортасында жалын ортасында тұрған апаны шығару үшін, жерді қазып алған топырақпен жол жасай отырып, апаны өрттен аман алып шығады. Тілсіз жаудан егде жастағы әйелді құтқарған ержүрек адам бұл - Жетісай аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімшесінің бастығы полиция капитаны Хайруллаев Аян Рысбекұлы еді. Бейбіт күннің батыры өз сөзінде: «Ойланып тұруға уақыт болмады, содан бірден отқа оранып жатқан жерге кіріп кеттім де, апаны сыртқа алып шықтым. Қайғылы жағдайдың алдын алуыма қызмет барысында оқып-үйренген өрт қауіпсіздігі туралы ережесінің пайдасы тиді. Біз үшін тұрғындардың амандығы, әрі тыныштығынан асқан бақыт жоқ!»-деп атап өтті. Осылайша полицей өрт сөндірушілер келемін дегенше, лаулаған өртті топырақ шашып ауыздықтады. Аталған жайт Қазығұрт АПБ-ға ҚР ҚК-нің 202-бабымен (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) тіркеліп, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Полиция капитаны Аян Хайруллаев, 2011 жылдан бері ішкі істер саласында қызмет етіп келеді. Алғашқы еңбек жолдарында Нұр-Сұлтан (бұрынғы Астана қаласында) жылдам қиылдайтын арнайы жасақ қызметкері болған. Қазіргі таңда Жетісай қаласында көші-қон қызметінде полицей.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста