Эбола белгісі күдігімен Алматыда оқшауланған Ресей азаматы ауруханадан шықты

Эбола безгегін жұқтыруы мүмкін деген күдікпен ауруханаға жатқызылған Стамбұл - Алматы рейсінің жолаушысы - Ресейдің 37 жастағы азаматы жұқпалы аурулар стационарынан шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол қазір Алматыда, таяу күндері Қостанайға қайтады. Ал науқасты алып жүрген жолаушы қайтадан Гвинеяға қайтпақшы.

"Біз барлық шараны қолдандық. Біздің орталық шұғыл әдіспен анализ жасады. Сағат 19.00-де қорытындысын алдық. Бүгін ешқандай қауіп білінбейді. Біз денсаулық кодексіне сай әрекет еттік. (...) Біз ахуалы төмен елдерден жолаушы ұшып келгенін білгеннен кейін, біздің мамандар олармен сөйлеседі. Ол Стамбұлдан ұшып шыққанда ешқандай белгі болмаған", - деп хабарлады ҚР Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Алматы қаласы бойынша департаментінің директоры Еркін Дүрімбетов.

Еске сала кетейік, оқиға 15 наурызда болды, Алматы әуежайына Turkish Airlines әуе компаниясының рейсі Стамбұлдан ұшып келгенде ұшақ бортында Эбола безгегін жұқтыруы мүмкін деген күдік келтірген бір науқас болды. Кейін ауруханаға жеткізілген адамның Ресей азаматы екені және Қостанай облысының Лисаковск қаласында тұратыны хабарланды. Ер адам наурыздың 9-14 аралығында Гвинеяда іссапарда болған және соңғы үш күнде дене қызуының көтеріліп, диарея болғанын айтып шағымданған.

ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің Айқымбаев атындағы Қазақ ұлттық карантиндік және зоонозды инфекция орталығы жүргізген зертханалық зерттеулердің нәтижесіне сәйкес, науқасқа "ЖРВИ, асқынған ринофарингит" нақты диагнозы қойылды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста