Доллардың теңгеге қатысты бағамы өсті. Ұлттық банк 14 қаңтарға арналған доллар бағамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Америкалық валютаның бейсенбідегі ресми бағамы 419,15 теңгеге тең болады. 12 қаңтарға доллардың теңгеге қатысты бағамы 419,13 теңгені құрағанын ескеріңіз.
 
KASE биржасындағы кешкі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа алынған бағамы бір күнде 1,21 теңгеге төмендеп, 419,10 теңгені құрады.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатудың орташа бағамы 420,39 теңгені, сатып алу - 418,86 құрайды.
Нұр-Сұлтанның айырбастау пункттерінде америкалық валюта орташа есеппен 420,27-ге сатылады, ал 419,17 теңгеден сатып алынады.
Айта кетейік, сарапшылар теңге бағамы жайлы болжам жасаған еді.