Депутаттар Үкіметке дәстүрлі оқу форматына оралуды ұсынып жатыр
Мемлекеттік салалық органдар карантиндік шараларды кезең-кезеңге қарай жеңілдету және дәстүрлі оқу форматына біртіндеп оралу мәселелерін қарастырып жатыр. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин депутаттық сауалға берген жауабында айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
9 қыркүйекте ҚР Парламенті Мәжілісінің бірқатар депутаттары еліміздегі қашықтықтан білім беру тәсілін сынға алып, санитарлық нормаларды ескере отырып, білім беруді қашықтықтан қалыпты, яғни дәстүрлі режимге ауыстыруды ұсынды.
Мәжіліс сайтында орналастырылған сауалға берілген жауапта бүгінгі күндері 3,4 миллион бала мектептерде оқып жатқаны атап өтілді (оның 2 613 428-і қашықтан, 252 343-і тұрақты штаттық режимде жұмыс істеп жатқан мектептерде, 546 776-сы кезекші сыныптарда оқиды).
Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалмен қатар, қашықтықтан оқытуды енгізу көптеген аймақтарда мектептерге баланың толып кетуімен байланысты болды. ДДСҰ мәліметтері бойынша, 12 және одан жоғары жастағы балалар коронавирус инфекциясын таратуда белсенді рөл атқарады. 2020 жылғы 4 қазандағы жағдай бойынша мектеп оқушылары арасында коронавирус инфекцияның 136 жағдайы тіркелді, оның 51-і кезекші бастауыш сыныптарда оқыса, ал 85-і - қашықтықтан оқитындар.
Сондай-ақ, Премьер-министр маусымдық ЖРВИ-дің өршу қаупі күтілген қазіргі жағдайда жабық топтардың пайда болуы коронавирус инфекциясының таралу қаупін жоғарылатып, оның, оқытушылар мен мұғалімдер және ата-аналар арасында тез таралуына әкеліп соғуы мүмкін екенін атап өтеді. Сол себеппен де бүгінгі күні бірқатар шет елдерде (Германия, Ресей, Англия, Польша, Франция, АҚШ, Оңтүстік Корея, Үндістан), яғни күндізгі оқыту кезінде коронавирустың тез таралуына байланысты мектептер карантинге жабылып жатыр.
Сонымен бірге қазіргі кезде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, тиісті мемлекеттік органдар карантиндік шараларды біртіндеп жеңілдету және дәстүрлі күндізгі оқыту тәсіліне оралу мәселелерімен айналысуда, делінген құжатта.