Депутат Назарбаев атымен аталған көшелердің атын өзгерту туралы айтты

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров Қазақстанда Назарбаев атымен аталған көшелердің атауын өзгерту туралы азаматтардан келіп түскен сауалдар барын мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін журналистер Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыровтан Қазақстанда Назарбаев есімімен аталған көшелер мен нысандар атауы өзгеріп-өзгермейтінін сұрады.

 

"Осы заңның ("Тұңғыш Президент - Елбасы туралы" Конституциялық заң) күшін жоюы - қоғам сұранысы. Өңірлерге барған кезде, әрине, белгілі бір мәселелер туындайды. Өйткені әр облыста Назарбаев атындағы үлкен даңғыл бар. Менің ойымша, бұл мәселені жергілікті деңгейде шешу керек. Атауын өзгерту үшін мәслихаттардың ресми шешімі қажет. Азаматтардың атынан келген сауалдар бар", - деді ол журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда Тұңғыш Президент статусы туралы 20-дан аса заңға талдау жүргізілетіні хабарланған болатын.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста