«Қазгидрометтің» хабарлауынша, солтүстік-батыс және оңтүстік циклоны әсерінен барлық аймақта ауа райы құбылмалы болады.
Жаңбыр жауады. 11-12 маусымда республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.
Оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.
Батыс, солтүстік-батыста ауа температурасы күндіз 22-30-дан 17-26-ға дейін төмендейді, оңтүстік-батысында 25-35-ке дейін жылынады.
Солтүстікте ауа температурасы 20-28-ден 25-30-ға дейін ауытқиды. Шығыста 28-37-ден 24-33-ке дейін төмендейді, орталықта 22-30-дан 27-32-ге дейін көтеріледі. Оңтүстік өңірлерінде 25-35-тен 20-30-ға дейін төмендейді.