Кездесуде министрлік пен қоғамдық ұйымдардың түрлі салалар бойынша міндеттерді орындауда өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды.
Басқосуға қатысушылар көкейлерінде жүрген өзекті мәселелер төңірегінде ойларын ортаға салды.
Сондай-ақ жиында ел аумағында цифрлы телерадио хабарларын таратуды енгізу және басқа да мәселелер жөнінде сұрақтар қойылып, оған жан-жақты жауап берілді.
Бұдан бөлек, аймақтық және республикалық БАҚ арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері талқыланды.