Бүгін министр Дархан Қыдырәлі «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасовамен кездесті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Кездесу аясында мерзімді басылымдарды тарату, Мемлекет басшысының «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасымен кездесуінде берген тапсырмаларын іске асыру мәселелері сөз болды.
Сондай-ақ тараптар ақпарат саласындағы ынтымақтастықты дамыту және нығайту, «Қазпошта» АҚ-ның газет-журнал жеткізу бойынша қызмет көрсету сапасын жақсарту, оның ішінде пошта байланысы операторының қызметтерін автоматтандыру жөніндегі жоспарларды талқылады.