Дәрігерлердің жекеменшік емханаға кетіп жатуының сыры неде?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Соңғы кездері еліміздегі мемлекеттік аурухана мен емхана дәрігерлерінің жекеменшік медициналық мекеме­ле­рге ауысып кету жағдайы жиілей бастаған. Осының салдарынан еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде кадр тапшылығы өзекті мәселеге айналып отыр. Бір ғана Астана қаласын мысалға алатын болсақ, Мәжіліс депутаты Надежда Петухова биылғы жылдың қаң­тар мен қыркүйек айларында елор­даның денсаулық сақтау басқар­масына қарасты медицина ұйымдарынан 1292 медқызметкер жекеменшік меди­ци­налық ұйымдарға ауысып кеткенін мәлімдеді. Оның 550-і дәрігерлер екен. 
Бұл көрсеткіштің өткен жыл­мен салыстырғанда ай­тар­­лық­тай көп екені де байқалып отыр. Ал ауыл­дағы жағдайды ай­туға ауыз бармайды. Айта кетер жайт, білікті медицина қызмет­кер­лерінің жеке­мен­шік меди­ци­налық орталықтарға кетуі мем­лекеттік ем­ханалар мен ауру­ханаларда маман тап­шылы­ғы­ның туындауына әкеліп, ха­лықты жекеменшік, ақылы ме­дици­налық орталықтарға жү­гі­нуге мәжбүр етіп отыр. Мә­жіліс депутаты Надежда Пе­ту­хованың айтуынша, дәрі­гер­лердің мемлекеттік ме­ди­ци­налық мекемелерден кетіп, же­кеменшік мекемелерге ауы­суы­ның басты себебі алдымен жұмыс жүктемесінің жоғарылығы, оған төле­нетін жа­ла­қы­ның мар­дым­сыз­ды­ғы екен. ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Бай­жүнісов мырза да жа­қын­да: «Қазір Қазақ­станда 16 мл­н ха­лық­қа 63 мыңнан ас­там дәрігер мен 140 мыңдай мед­бике қыз­­мет көрсетеді. Бірақ бізге әлі 16 мыңға жуық дәрі­гер жетіс­пейді», – деп еліміздегі дәрігер ма­ман­дар­дың жетіспеушілігінің үлкен мәселе еке­ніне алаң­дау­шылығын білдірген еді. Әйтсе де қоғамдағы бүгінгі қалыптасқан ахуал осы кемшілікті жоюға емес, мәселенің одан әрі ушығуына мұрындық бо­лып отыр.
Мемлекеттік емханада маман да, қондырғы да жоқ
Ауруы жанына батқан адам үшін ажал­дың арашасындай көрінетін дәрігерлердің аздығы қоғам үшін үлкен мәселе екені анық. Бірақ, атап айта кетер­лік жайт, бүгін­де мемлекеттік емхана мен мем­лекеттік ауру­ханада жоқ дәрігер маманды жеке­мен­­шік медициналық мекемеден оңай табуға болады, яғни маман тапшылығы мәселесін қолдан туын­да­тып отырмыз. Мәселен, жақында қызымның бүйрегі ауы­рып, тұрғылықты жері бойынша тіркел­ген ем­ха­наға апардым. №8 емхананың тіркеу бөліміндегі қыз­меткерлер «біздің емханамызда ба­лалар неф­ро­­логі жоқ»  деп, керек нефрологті жеке­меншік ме­ди­циналық орталықтардан іздеуіме кеңес берді.

                             Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Шынымен балалар нефрологін жеке­мен­шік медициналық мекемеден оңай таптым. Дәрігер қабыл­дауына, ана­лиз қор­­тындыларына, дәрігер­дің ем-дом жазып беруіне, дәрісіне бас-аяғы 20 мың тең­гедей шығындап жүріп, қызымның бүй­­регінің ахуалына көз жеткізгендей бол­дым.
Жалғыз нефролог маман ғана емес, бүгінде кез келген емханадан қалаған маманыңызды түгелдей табу мүмкін емес. Есесіне, кез келген жекеменшік емханадан керек маманды ақылы қызметпен оңай табуға болады. Алайда жекеменшік ем­ха­на­дағы дәрігер қабылдауына кірудің өзі 3000 мен 7000 теңге аралығында. Тіпті мем­лекеттік емханада дәрігер қабыл­дауы­на кіргеніңмен, диагноз қоятын ме­ди­ци­на­лық құрылғы үшін жекеменшік ме­ди­ци­на­лық орталыққа жүгінуге тура келеді. Ем­­хана дәрігері жекеменшік мекемеге жол­дама жазып берумен ғана шектеледі. Өйткені бүгінде мемлекеттік емханалардың көбісінде тіпті аяғы ауыр әйелдерге арнал­ған қарапайым УЗИ құрылғысы да жоқ. Жыл сайын мемлекет тарапынан ем­ха­на­лар мен ауруханаларды заманауи ме­ди­ци­налық қондырғылармен жабдықтау үшін бөлініп жатқан миллиондаған қар­жы­ның қайда кетіп жатқаны да белгісіз. Яғни білікті маман мен заманауи меди­циналық қондырғы да бүгінде жекеменшік медициналық орталықтардың үлесінде. Амал жоқ, халық та білікті маман мен за­манауи медициналық қондырғының ізінен жекеменшік медициналық орталық­қа ағылуға мәжбүр болып отыр.
Түлек бар, кадр жоқ!
Жалпы маман тапшылығы – бүгінде бар­лық өңірлерімізге тән құбылыс. Же­ке­мен­шікке жеткен дәрігердің мемлекеттік емханаға жетпей тұруының сыры белгілі. Бірақ әзірге мемлекет тарапынан осы мә­се­ленің астарына үңіліп, күрмеуін ше­шуге талпыныс байқалмайды. Қайта күн өткен сайын мемлекеттік емхана мен ауру­ха­на­дан жекеменшік медициналық орталық­тар­ға ауысатын мамандар қатары көбейіп барады. Халықтың бәрінің бірдей жеке­мен­шік мекеменің ақылы қызметін қалтасы көтере бермейтінін ескерсек, ұлтымыздың денсаулығына алаңдауға негіз бар секілді. Мәселен, кейбір об­лыстарымызда акушер, гинеколог, педиатр мамандары жетіспейді. Ал өңірлерімізді аталмыш ма­ман­­дармен қамтамасыз ете алмай отырып, ана мен бала өлімін азайту жайлы мәселе көтеру мүмкін емес екені айтпаса да түсі­нікті. Елімізде маман дайындайтын бір­неше медициналық оқу орындары, жыл сайын оларды бітіріп шығатын мыңдаған түлек бар болғанымен, маман тапшылығы орын алуы – таңға­ларлық жайт. Мұның сы­рын медициналық университеттің оқы­тушысы мемлекеттік мекемеде жағдай жасал­мауымен түсіндіреді.
Қаншайым АМАНХАНҚЫЗЫ, медицина ғылымының докторы, профессор:
– Медицина саласындағы соңғы кез­дері жасалып жатқан реформаның қай­сысы болса да, дәрігерлердің жалақысының көбейіп, жүктемесінің азаюына, мәселелерінің шешілуіне ықпал ете алып отырған жоқ. Керісінше, науқастарды емдеп қана қоймай, олар­дың уақытының елеулі бөлігін қағаз­бастылыққа арнауға себеп болып отыр. Бұрын дәрігерлер қағазға көміліп отырмайтын. Ал бүгінде күніне бес науқасты ғана қабылдап үлгереді де, бір папка қағаз толтырады. Ал Алма­ты­дай халқы көп қалада бір емхана дәрі­герінің күніне бес науқасты ғана қабылдауға үлгеріп отыратыны, кезек­тегі науқастардың санын соза түсетіні белгілі. Бұл процеске шыдамағандар, амал жоқ, жекеменшік медициналық орта­лықтарды жағалайды. Шыны ке­рек, бүгінде медицина саласындағы қалыптасқан ахуал халықты жеке­мен­шік ақылы медициналық орталықтарға баруға мәжбүрлеп отыр. Халыққа да, дә­рігерге де қолайлы жекеменшік ме­дициналық орталықтағы жағдайды мемлекеттік емханада да жасауға болар еді. Бірақ дәл қазіргі таңда оған ешкім құлықты болмай отыр.
Емханадағы айға созылған кезек кімге тиімді?
Айта кетер жайт, осы мәселелерге қара­мастан, мемлекеттік емханадағы кезек үнемі таусылмайды. Ал жекеменшік емха­на­да ондай ұзын-сонар кезек кез­деспейді. Мақала жазу барысында Алматы қалалық №8 емхананың табал­дырығын аттадық. Емхананың тіркеу бөліміндегі ке­зек­ке тұр­ған­дардың көбісі кәрі-құртаңдар. Зейнет жа­сындағы кісілердің уақытының көп екенін, емханада да кезектің аз емес­ті­гін ескерсек, ұзын-сонар кезекке зейнет­ақы­сы аз, медицинаның ақылы қызметін қалтасы көтермейтіндердің ғана кезекке тұруға шыдамы жететінін аңғаруға болады. Менің алдымда кезекте тұрған орыс әжей жү­ре­гінің бірнеше күннен бері ауырғанын, аяқ-қолының жансызданатынын айтып ша­ғым­данса да тіркеу бөліміндегі қыз­мет­керлер 21 желтоқсаннан бастап қана кар­дио­логтің қабылдауына талон бере ала­тынын айтты. Оған дейін дәрігер қабыл­­дауында бос уақыт жоқ көрінеді. Ал аттай бір айдай уақыт пен кардиологті кәрі жүрек күте ала ма? Менің наразылығыма тіркеу бөліміндегі қызметкерлер: «Дәрі­гер­лердің науқас қабылдауы шектеулі, біздің міндетіміз тіркеу ғана», – деп жауап берді. Адам денсаулығындағы негізгі рөлді атқаратын жүректі тексерту үшін бір айдай уақыт керек болса, басқа дәрігерлерді қанша уақыт күту керек деген қызы­ғу­шылықпен басқа мамандарға талон сұра­дым. Ортапедке – 17 желтоқсан, хи­рург­ке – 16 желтоқсан, гинекологке 20 жел­­тоқсаннан бастап қана кіре алаты­ным­ды айтты. Емхананың негізгі міндеті – аурудың алдын алу! Ал емхана дәрігерінің қабылдауын кемі жарты ай күтіп, емха­наларымыз аурудың алдын алумен күресіп жатыр дей аламыз ба?! Ауру мен ажал ешқашан күтіп тұрмайды. Асқынған ауру керісінше ажалды жақындата түсетіні белгілі. Сондықтан бүгінде әлем елдері мем­лекет үшін асқынған аурумен күрес­кен­нен гөрі, аурудың алдын алу әлдеқайда тиімді екенін ескеріп, профилактикалық шараларды барынша дамытуға тырысуда. Елімізде жыл өткен сайын халық ден­сау­лығын жақсартуға, медициналық қыз­мет­тің сапасын арттыруға бөлінетін қаржының көлемі өскенімен, қызмет сапасының керісінше, кері кетіп бара жатқаны түсінік­сіз. Емханадағы ұзын-сонар кезектің тағы бір сыры бүгінде кез келген емханадағы дәрігер бір мезгіл ғана жұмыс істеп, түстен кейінгі уақытта тағы бір жерде жұмыс істеуге мәжбүр. Олардың жалақысының аздығы бір күнде екі жерге жүгіріп жұмыс істеуге итермелеп отыр. Ал емханадағы бір мезгілдік жұмыс уақытында бір күн ішінде санаулы ғана адамды қабылдап үлге­ре­тін­діктен, кезектің айға созылуы да түсінікті. Айналып келгенде ақ халаттыларға мем­лекеттік тұрғыдан қамқорлықтың жасал­мауы кадр тапшылығына, аурудың асқы­нуына, емханаларда ұзын-сонар кезектің көбеюіне, халықты жекеменшік меди­ци­налық орталықтардағы ақылы қызметке жүгінуге мәжбүрлеп отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста