Өткен сенбі, 23 маусым күні Алматыда Дариға Назарбаеваның жалғыз қызы Венераның ұзату тойы болды деп хабарлайды Zakon.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Венера елімізге танымал Шайжүнісовтер әулетінің өкілі Дален Шайжүнісовке тұрмысқа шыққан.
Дален Шайжүнісов Алматы қаласында туып-өсіп, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Заң факультетін тәмамдаған.
Венера болса, қазіргі таңда қоғамдық коммуникация және өнер саласында білім алуда. Сонымен бірге ол анасы Дариға Назарбаева ұйымдастырып жүрген қайырымдылық шараларына жиі қатысады.
Жас жұбайлардың достарының айтуынша, Венера мен Дален екі жыл бұрын танысқан. Ал оларды атастыру рәсімі осы жылдың мамыр айында болған.
Қос ғашықтың тойы Алматыдағы Ritz-Carlton қонақүйінің салтанатты залында өткен. Аталған шараға қос отбасының ең жақын достары мен туыстары ғана шақырылған.
Тойға келген Венераның нағашы атасы, еліміздің президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстанның бірінші ханымы оларға бақытты отбасылық өмір тіледі.
Дариғаның қызының тойында қазақтың барлық салт-дәстүрі сақталып, ұлттық жөн-жоралғылар орындалды.
Бұдан бөлек тойда қазақы дастархан жайылған. Сонымен бірге, көбінесе отандық орындаушылардың әніне басымдық берілді.
Жас жұбайлардың жаңа өмірге аяқ басуына тілектестік білдіріп, Дариға Назарбаеваның досы әрі серіктесі Филипп Киркоров арнайы келіпті. Ол жастарға арнап арнайы шоу ұйымдастырып, келген қонақтардың көңілін көтерген.
Айта кету керек, Дариға Назарбаеваның бүгінде жеті жасар Асылжан есімді ұлы бар. Сонымен бірге, оның Сұлтан есімді немересі де жетіде.