Парламент Мәжілісіндегі Nur Otan партиясы фракциясының бос мандаты Саясат Нұрбекке беріледі. Бұл туралы партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов мәлімдеді деп хабарлайды ulysmedia.kz.
«Бүгін «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының қаулысымен 28 ақпанда Саяси кеңестің отырысын өткізу туралы шешім қабылданды. Онда партияның кезектен тыс XXII Съезінің күн тәртібі бекітіледі.
Сондай-ақ, Саяси кеңес Бюросының қаулысымен «Nur Otan» партиясынан Парламент Мәжілісі депутатының бос мандаты партиялық тізім бойынша Саясат Нұрбекке берілу туралы шешім қабылданды» деп жазды ол Facebook парақшасында.
Тиісті шешім ҚР Орталық сайлау комиссиясына жіберілді.
Еске сала кетейік, бүгін Дариға Назарбаева Мәжілістегі өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.