Cауд Арабиясының королі Елбасыға қасиетті Қағбаның жамылғышын сыйлады

Сауд Арабиясының королі Салман Әл Сауд Нұрсұлтан Назарбаевқа қасиетті Қағбаның жамылғышын беріп жіберді.

Бұл туралы Қазақстандағы Сауд Арабиясының елшісі Захир бен Мутиш Әл-Анези Астанада Қазақстан Президентіне сенім грамотасын тапсырып жатқан кезде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі.

"Қазақстан Президентімен кездесу - мен үшін үлкен құрмет. Оған сенім грамотасын тапсырғаныма қуаныштымын. Сондай-ақ, Президент Сауд Арабиясының королі жіберген қасиетті Қағбаның жамылғышын қуанышпен қабыл алды", - деді Қазақстандағы Сауд Арабиясының елшісі Захир бен Мутиш Әл-Анези Қағбаның жамылғышы қара жібек матадан жасалған және онда алтыннан жасалған өрнектер бар.

Жамылғыштың ұзындығы - 41 метр.

Айта кетейік, бүгін Ақордада жеті елдің елшісі Қазақстан Президентіне сенім грамотасын тапсырды. Грамоталарды Қазақстандағы Марокко елшісі Әбделжалил Собри, Оңтүстік-Африка Республикасының елшісі Кийтуметци Сийпело Тандека Мэттьюс, Біріккен Араб Әмірлігінің елшісі Мухаммед Ахмед Султан Иса Әл-Джабер тапсырды.

Сондай-ақ, Қазақстандағы Сауд Арабиясының елшісі Захир бен Мутиш Әл-Анези, Малайзия елшісі Дато Саид Мохамад Бакри Бин Саид Абдул Рахман, Грузия елшісі Зураб Абашидзе, Моңғолия елшісі Лувсан Баттулга Қазақстан Президентіне грамоталарды тапсырды.

Сенім грамоталарын алған Нұрсұлтан Назарбаев делегаттарды Қазақстандағы дипломатиялық қызметімен құттықтаған болатын.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста