Бір рет қолданылатын жаялықтардан бас тартып, қайта пайдалануға болатын жаялықтарды ғана қолдану атмосфераға зиянды шығарындыларды 25 пайызға азайтуы мүмкін. Ұлыбританияның Қоршаған орта, азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрлігінің (Defra) тапсырысы бойынша дайындалған есепте гигиеналық өнімнің планета үшін күтпеген қаупі аталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мамандардың айтуынша, бір рет қолданылатын жөргектерді өндіру қоршаған ортаға қайта пайдалануға болатын жөргектерді шығарудан тоғыз есе, кәдеге жаратудан он есе зиянды әсерін тигізеді. Defrag мәліметтері бойынша, кәдімгі жаялықтар жаһандық температураның жоғарылауы, жерді пайдалану, қазба ресурстарын пайдалану және өндірістегі су сияқты салаларға көбірек зиянын тигізеді.
Алайда қайта пайдалануға жататын гигиеналық құралдар планета үшін онша қауіпсіз емес. Олар теңіз және тұщы судың ластану параметрлері, қалдықтарды жуу және ол үшін суды пайдалану, сондай-ақ жуғыш заттар мен электр энергиясын тұтыну бойынша бір реттік өнімдерге қарағанда айтарлықтай әсерін тигізеді.
Бұл ретте ата-аналар энергияны үнемдейтін кір жуғыш машиналарды пайдаланып, жаялықтарды таза ауада кептіріп және жөргектерді екінші немесе кейінгі балаға беру арқылы қайта пайдаланса олардың қоршаған ортаға әсерін азайта алады.