Былтыр мүгедек жандар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 367 мыңнан астам көмек алды – министрлік

Былтыр мүгедек жандар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 367 мыңнан астам көмек алды – министрлік

2021 жыл ішінде Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы 266,3 мыңнан астам мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын (бұдан әрі – ОТҚ), 6,4 мыңнан астамы – ымдау тілі қызметін, 34 мыңнан астамы – жеке көмекшінің қызметін, 61 мыңға жуығы – санаторлық-курорттық ем алды. Сондай-ақ, Портал арқылы кепілдік берілген әлеуметтік топтамаларға 232 мың тапсырыс рәсімделді. Бұл туралы Azattyq Rýhy Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

 
Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.

«Бүгінгі күні Порталда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 792 медициналық-әлеуметтік мекеме (бөлімшелер), 164 ОТҚ жеткізуші, 15 мыңнан астам жеке көмекші, 262 ымдау тілін қызметін, 67 санаторлық-курорттық емдеуді, 135 кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы жеткізушілер тіркелген.

«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде қарастырылған.

Қолдауға арналған байланыс орталығына 1414 бірыңғай нөміріне қоңырау шалып, тілді таңдау және 5 санын басу арқылы Порталды пайдалану бойынша кеңес алуға болады», – делінген ведомство хабарламасында.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста