Бүркіт: Айша үйден кетпек болғанда бір ауыз сөзбен тоқтаттым
Бұл туралы "Менің өмірім" бағдарламасындай айтылды.
Бүркіт лақат атымен танылған Айбек Сейітов сахналық атты продюсерімен бірге ойлап тапқанын айтады. Ал бір кездері орысша әндер айтып танылған әнші бүгінде тек қазақ әндерін шырқап жүр.
"Мен бірінші продюсерім екеуміз сахналық ат іздеп, екеуміз ойластырып Бүркіт деп таңдаған едік. Содан бастап Бүркіт атанып кеттім. Ол кезде орысша әндерді шырқап жүрдік. Кейін Түркияға бардым. Онда түрік әндері хит олып жатты. Біздің елде де хит болып тұрды. Мен сонда неге қазақ әндерін хит етпеске деп ойланатынмын. Кейінне Айшамен танысып, отбасын құрған шақтан бастап біржола қазақ әндеріне көштім. Отбасында балаларым орысша сөйлейді, себебі анасы орысша сөйлейді. Мен қазақша сөйлеуге тырысамын. Айша қазақша түсінеді, бірақ сөйлей алмайды. Алдағы уақытта үйренеді", - деді Бүркіт.
Айтуынша, баланың орыс тілін де, қазақ тілін де, ағылшын тілін де меңгеріп өскені жөн. Ол баланың болашағы үшін керек.
"Мен 6-сынып оқығанға дейін орысша білген жоқпын. Орысша түсінбейтінмін. Бірде әкем екеуміз дәрігерге бардық. Маған аузыңды аш деді. Сонда мен сальто айналып бердім. Өйткені не айтқанын түсінбегенмін. Балаларым солай болмаса деймін. Орыс тілін де білгені жақсы, қазақ тілін де білгені жақсы. Менің ағылшын тілім де нашар. Мектепте жақсы оқымағанмын. Сондықтан бабалардың тіл білгені жақсы. Айша жақсы сөйлейді. Шетелде ағылшындармен ағылшынша сөйлеп отырғанда таңғалғанмын" - деді әнші.
Бүгінде жұлдызды жұп желідегі оқырмандарына дәріс жүргізіп жүр. Онда отбасылық тәрбие жайында үйретеді.
"Әйел мен ер адам жаңа үйленген алғашқы жылдары бір-бірін түсінісе алмайды. Ол қалыпты жағдай. Бастапқы жылдары содан ұрыс, түсініспеушілік болуы мүмкін. Себебі жалғыз жүрген адамның қасында бірден бір адам пайда болады. Оның өзінің талаптары бар. Бір-бірінің талғамына, таңдауына үйренісе алмай жатады. Бір-бірінің отбасына үйрене алмай жатады. Жат үйдің тәртібіне үйрене алмауы мүмкін. Адамдарға үйрене алмауы мүмкін. Жарты жыл, бір жыл өткенді бәрін түсіне бастайды. Бізде сондай болды. Алты айдай үйренісе алмадық. Айша біздің үйге үйрене алмай жүрді. Өмірі күрт өзгерді. Содан ұрыс-керіс болды. Айша ең бірінші үйден кетпек болғанда оған айттым. Егер қазір кетсең, бұдан кейін саған бұл есік ашылмайды. Келіп-кетіп жүретін әйелдерді жек көремін. Мен қанша сенің артыңнан жүгіргенмен, үйден кетсең, қайта кірмейсің дедім. Содан бастап Айша кеткен жоқ. Қанша ұрысып қалсақ та, олай кетпейді", - деді Бүркіт.
Ал Айша қайын атасының өзін жақтырмағанын, әлі күнге дейін қатал екенін айтып қалды.
"Атамның сырты қатал. Іші жұмсақ адам. Әскери адам болған соң қатал көрінеді. Бірақ өте мейірімді. Мен бастапқыда таңғалатынмын. Бәрін ауыр қабылдайтынмын. Қазір бәріне үйрендім. Маған айтып жатса, солай болу керек деп ойлаймын. Келін ретінде бәріне үйреніп қалдым. Үлкенге құрмет дегенді бірінші орынға қоямын", - деді ол.
Айша қазақ тілін болашақта міндетті түрде үйренетінін айтады.
"Қазақша түсінемін, бірақ сөйлей алмаймын. Қалада қазақ тілін үйрететін куртсар мүлде аз екен. Болашақта міндетті түрде үйренемін. Отбасын құрып, үй ме бала-шаға, босану кезінд қазақ тілін үйренуге уақыт таппадым. Енді үйренгім келеді", - деді Айша.
Ал әнші Бүркіт тоқал алуға қарсы. Бір ғана әйелмен бақытты өмір сүргенді қалайды.
"Әкем мен анамның отасқанына 65 жыл болды. Ешқашан кетіп қалып, ажырасып, тоқал алу туралы айтқан емес. Әлі күнге бір-бірін сағынып, іздеп отырады. Менде де сол тәрбие. Бір әйелмен бақытты болғым келеді. Әйелін жақсы көрмейтіндер тоқал іздейді. Қазақтың санын көбейту үшін деген өтірік әңгіме. Ол сылтау ғана. Бұл менің ойым. Ешкімді кінәламаймын. Әркім өзі біледі. Алғысы келетіндер ала берсін. Исламда 4 әйелге дейін алуға рұқсат Ол үшін бәріне бірдей қарау керек", - деді әнші.