Қазақстанның барлық дерлік аумағы антициклон ықпалында болғандықтан, күн жылы әрі ала бұлтты болады, деп хабарлайды BNews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, республиканың батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауады. Алайда ауа температурасы күндіз +20+28 градусқа дейін көтеріледі, бұл климаттық нормадан 3-8 градусқа жоғары.
Алматы, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Қарағанды облысында күн ашық болады деп күтілуде.
Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында күн бұлтты болады, жауын жаумайды.
Қызылорда, Қарағанды өңірлерінде кей жерлерде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.