Бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК-сы қаңтардың 21-і күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

ҚР территориясының басым бөлігіне антициклон жотасы әсер етеді. Соның салдарынан күн жауын-шашынсыз болады.

 

Тек еліміздің батысы мен оңтүстігінде атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен көбінесе қар, жаңбыр жауады, жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады.

 

Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі.

 

Жамбыл облысының солтүстігі, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түсіп, оңтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

 

Қызылорда облысының орталығында таңертең және күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

 

Түркістан облысының оңтүстігі, батысы, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түсіп, солтүстігі мен таулы аудандарында жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

 

Түнде Алматы облысының солтүстігі мен таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады.

 

Маңғыстау облысының солтүстігі мен орталығында көктайғақ болып, солтүстік-шығысында тұман түседі.

 

Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында, Батыс Қазақстан, Атырау, Павлодар облыстарының батысы мен солтүстігінде, Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста