Бразилиялықтар Елбасының артынан қуып жүріп арқасынан қақты

Мансұр ХАМИТ (фото)

Кеше елімізге ресми сапармен Бразилия федеративті республикасының Президенті Луис Инасиу Лула да Силва келді. Мәртебелі қонақтарды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада ерекше ықыласпен қарсы алды. Бір қызығы, қарсы алу рәсімінде бразилиялық меймандардың бәрі дерлік өздерін қарсы алушылардың арқаларынан қағып жатқанын байқадық. Тіпті мейман министрлердің бірі келесі мейманның қолын алмаққа бұрылып бара жатқан Елбасының арқасынан ұмтылып келіп қаққаны тіптен тосын көрінді бізге. Оның себебін көп ұзамай-ақ түсіндік. Бразилия халқының салты бойынша, олар ерекше құрмет тұтатын адамдарының арқасынан қағады екен. Осылайша, Орталық Азияға, соның ішінде қазақ даласына алғаш рет табан тіреп отырған Бразилия басшысы Лула да Силва қазақ еліне деген ерекше құрметін білдіріп жатқаны екен.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Бразилия Президенті Луис Инасиу Лула да Силва алдымен  шағын құ­рам­да келіссөздер жүргізді. Онда екі­жақты саяси, әлеуметтік және эко­но­ми­калық ынтымақтастықты ны­ғайту мә­селелері талқыланды. «Қа­зақстан мен Бразилия арасында бү­гінгі таң­да жоғары деңгейдегі бел­сенді диа­лог қалыптасып отыр. Сон­дай-ақ түр­лі саладағы қарым-қа­тынастар қар­қын алып келеді. Өт­кен жы­лы екі ел арасындағы та­уар айналымы екі есе­ге молайып, 270 млн АҚШ дол­ла­рынан асып отырғаны осының дә­ле­лі», – деп атап өтті Нұрсұлтан Әбіш­ұлы. Картаға көз салсаңыз, Бра­зи­лия мен Қазақстан арасындағы қа­шықтық бас айналдырардай. Екеуі әлем­нің екі жарты шарында жатыр. Со­лай бола тұра, көрші елдердің қол-аяғын тұсап отырған дағдарысқа қа­ра­мастан, екі ел арасындағы тауар ай­на­лы­мының екі есеге өсуі – даусыз жетістік. Сондай-ақ Президент бұл бағыттағы Қазақстан мен Бразилия мемлекеттерінің экономикалық әле­уе­ті бұдан да жоғары екендігін ес­кер­тіп өтті. «Сіздің Қазақстанға сапа­ры­ңыз сауда-экономикалық, саяси ын­ты­мақ­тас­тық­қа жаңа серпін беріп, тың қарым-қатынастың бастамасы бо­ла­ды деп айтуға болады», – деді Н.На­зарбаев.
Өз кезегінде, Бразилия Президенті екі елдің қарым-қатынасына тоқталып, саяси, экономикалық, мәдени және коммерциялық салалардағы бай­ла­ныс­тарды одан әрі жетілдіру керектігін айт­ты. Оның айтуынша, биылғы жылдың қыр­­кү­йек айында Қазақстанға осы мақ­­сат­та Бразилияның индустрия және ком­мер­ция министрі бастаған ірі бизнес өкіл­дері арнайы сапармен келетін бо­лады. «Біз екі ел арасындағы бай­ла­ныс­ты одан әрі нығайтуға аса маңызды қа­­дам жасадық деп ойлаймын», – деді Бра­­зи­лия Президенті Лула да Силва.
Осыдан кейін өткен кеңейтілген құ­рам­дағы келіссөздер барысында екі та­раптың қатысуымен сауда-эконо­ми­ка­лық ынтымақтастықты дамыту мә­се­­ле­сі қа­ралды. Елбасы Нұрсұлтан На­зар­­баев­тың айтуынша, бүгінгі таңда Қа­­зақ­станда ше­телдік инвесторлар үшін бар­­лық жағ­дай жасалып отыр.  «Елге тар­тыл­­ған ин­вес­тиция көлемі де жылдан-жыл­­ға ар­тып келеді. Дүниежүзілік банктің де Қа­зақ­станды әлемдегі барынша тар­тым­­ды инвестициялық ахуалы бар 20 ел­­дің қа­тарына қосуы осының айғағы», – деп атап өтті Мемлекет басшысы. Сон­дай-ақ екі­жақты кездесуде өзара ынтымақтас­тық энергетика, металлур­гия, машина жа­сау, ауыл шаруашылығы, авиа­ция мен ға­рыштық зерттеулер, ту­ризм және спорт салалары сияқты ба­сым бағыттар сөз болды.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев кез­де­суде ха­лық­аралық саясат мәселелеріне тоқ­­­та­лып өтті. Мәртебелі мейман да елі­міз­дің ай­мақ­тық және жаһандық қа­уіп­сіз­д­ікті қамта­ма­сыз ету, халықаралық лаң­­кес­тікпен кү­рес, әлемдік дең­гей­дегі қар­­жылық-экономикалық тұрақ­ты­лық­ты қа­лып­тастыру мәселелеріне ерек­ше ден қо­йып отырғанын жоғары ба­ғ­алай­тынын біл­діріп өтті.  Бразилияны Қа­зақ­станға ерік­сіз жақындататын бір саяси мәселе бар. Ол – Қазақстанның БҰҰ-ның Қа­уіп­сіздік кеңесіне қатысты ұс­та­ны­мы. Луис Ина­сиу Лула да Силваның ай­туын­ша, Қазақстан осы бағытта оң жұ­мыс­тар атқарып отыр. «БҰҰ Қауіпсіздік Ке­ңе­сін қайта құрудың маңызы өте зор. Ол осы Кеңеске мүше болуға талпынып отырған елдер үшін тиімді. Оның үстіне, Қазақстан ядролық қарудан өз еркімен бас тартты. Қарусыздану, жаппай қырып-жоятын қару-жарақты таратпауды жә­­не халық­ара­лық қақтығыстарды бей­­біт жолмен ше­шуде өз ұстанымы бар», – деді Бра­зи­лия Президенті. Ол  Бра­зилияның БҰҰ Қауіп­сіздік кеңесінің тұ­рақты мүшесі болуға талпынысына қол­дау білдірген Қа­зақстан Президентіне өз ри­за­шы­лығын білдірді. 
Бүгінде Бразилияда ұшақ шығару өн­­ді­рісі жақсы жолға қойылғанына тоқ­­тал­­ған қонақ: «Бұл салада да екі ел­дің байланысын өркендетуге әб­ден  бо­ла­ды», – деп атап өтті. «Біз ұшақ жасау саласындағы серік­тес­тікке ниет­тіміз. Қазақстанның инфра­құ­ры­лымын же­тіл­діру бағытында жұмыс іс­те­гіміз ке­леді. Мұнымен қоса, бізді био­отын са­ла­сын­да да бірлесіп жұмыс жа­сау қы­зық­тырып отыр», – деген ол осы салада өт­кен жылы қол жеткізілген же­тіс­тіктерге тоқ­талды. Осыдан бір жыл бұрын Көлік жә­не коммуникация ми­нистр­лігінің шақыруы­мен елімізге «Эм­браер» брази­лия­лық авиақұрылыс ком­паниясының Еу­ропада ұшақ сату жөніндегі директоры Кла­у­дио Шейн­­кер сапармен келіп, келіс­сө­здер нәти­же­сі бойынша «Эйр Астана» әуе ком­па­ниясына «Эмбраер» ұшақ­та­рын ли­зинг­ке алу мәселесі қарас­ты­рыл­ған бо­ла­тын.
«Біз бүгін екі ел арасында көп нәрсеге қол жеткізіп отырмыз. Әсі­ре­се ауыл ша­ру­а­шылығы саласына қа­тыс­ты келісімдер жемісті болды деп ай­та аламын. Бұл ел­мен биоэтонол өн­дірісі жөнінде уағ­да­ластыққа қол жет­кіздік. Соның ішінде Қа­зақстан мен Бра­зилия арасындағы энер­гетика, ауыл ша­руа­шылығы, ма­шина құрылысы, метал­лур­гия, авиация, био­логия, ғарыштық зерт­теулер, туризм және спорт салалары се­кілді болашағы бар бағыттар одан әрі да­ми түседі деп сенемін.
Дағдарыста Бразилия мен Қа­зақ­стан­ның өзара ұстанымы бір жерден шы­­ғып отыр», – деді Елбасы.  Елбасы сөз арасында Пеленің елін күллі дүниені бау­рап алған футбол ойынының қыр-сырын меңгеруге кеткен 26 жас жет­кін­шек­тің жағдайын сұрауды ұмытпады. Бра­­зилия мемлекет басшысы оған: «Бұл спорт­­шыларыңызға ештеңе үйретудің қа­­жеті жоқ. Онсыз да бізден кем ой­на­май­­ды екен», – деп жауап беріп жат­­ты. Со­ған қарағанда, ол аталған 26 жет­кін­шек­тен құралған Ole Kazakhstan ко­ман­да­сының Сан Паулодағы жеңісінен ха­бардар болса керек.
Президенттің қабылдауынан кейін Бразилия мемлекетінің басшысы Луис Инасиу Лула да Силвамен Қазақстан Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов кездесті. Премьер-министрдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Үкімет үйінде өткен кездесуде Қазақстан мен Бразилия арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамытудың жай-күйі туралы әңгіме өрбіген. Тараптар экономиканың түрлі салалары бойынша ынтымақтастықты дамытуда екі жақ та мүдделі болып отырғанын жеткізді. Қазақстан мен Бразилия арасындағы экономикалық байланыстардың әлеуеті жаңа үлгідегі қарым-қатынасқа – жүйелі инвестициялық жобаларды іске асыруға ауысуға мүмкіндік беретіні атап өтілді.
Л.И.Лула да Силва екі елдің даму институттары арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға да мүдделі екендіктерін жеткізді. Кездесу соңында тараптар екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың әрі қарай сәтті дамитынына сенім білдірді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста