БҚО-да үйлену тойын жасаған тұрғындарға 1,5 миллион теңге айыппұл салынды

БҚО-да үйлену тойын жасаған тұрғындарға 1,5 миллион теңге айыппұл салынды

Батыс Қазақстан облысында карантин талаптарына қарамай той өткізген тұрғындарға бір жарым миллион теңге айыппұл салынды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

 

Бұл туралы өңір басшысы Ғали Есқалиев Facebook парақшасында жазды.

 

"Кеше көшеде бір жас жігіт жақындап, үйлену тойын өткізуге рұқсат сұрады. Тойға көп адам шақырмаймыз, қонақтар саны 30 адамнан аспайды деді. Мен неге той-томалақтар өткізуге болмайтынын түсіндірдім, ол бәрін ұққандай болып кетті.

 

Айтайын деген ойым, біздің арамызда кейбір адамдарға тойлар мен садақалар туысқандары мен достарының денсаулығынан маңызды болып отыр.

 

Облыс аудандарында 5-17 шілде аралығында мониторингтік топтар көпшілік іс-шараларды өткізуге тыйым салу ережелерін бұзған тұрғындарды анықтады. Жәнібек ауданында (Жәнібек ауылы, Борсы ауылы), Теректі ауданында (Федоровка ауылы, Абай ауылы), Жаңақала ауданында Жаңақала ауылында 50 адамға дейін үйлену тойлары өткен. Ұйымдастырушылар мен той иелеріне 1,5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды", - деді ол.

 

Әкімнің мәліметінше, аталған аудандарда коронавирустың таралу қаупі бар.

 

"Сондықтан осы аудандардың тұрғындары жерлестерінен осындай шараларды өткізбеуді талап етуі тиіс. Егер тойлар мен садақалар жалғаса беретін болса, онда бұл аудандардағы жағдай күрделене түседі. Олсыз да бізде дәрігерлер мен медбикелер тапшылығы әлі де бар.

 

Бірақ кейбір аудандарда, ауылдық жерлерде оң өзгерістер бар. Жақында мен Тасқала ауданында іссапармен болдым. Дәрігерлер аудандық ауруханаға келетін науқастар саны азайғанын атап өтті.

 

Бүгінде ауданда үш жылжымалы медициналық топ құрылған. Олардың белсенді жұмыстарының арқасында қоңыраулар саны үш есе кеміген. Мысалға, бір апта бұрын 35 қоңырау түскен болса, бүгінгі күні 11 қоңырауға дейін азайған. Сонымен қатар, аудандық аурухананың дәрігерлері Telegram мессенджерінде топ ашып, аудан тұрғындарына онлайн-кеңестер өткізіп жатыр.

 

Жергілікті кәсіпкерлер мен облыстың белсенді азаматтарының есебінен көршілес Саратов облысынан аудандық ауруханаға қосымша дәрі-дәрмектер сатып алынған. Стационарлық және амбулаториялық ем алушылар тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген. Барлық ауылдық округтерге дәрі-дәрмектерді арнайы медицина қызметкерлері жеткізіп жүр. Сондай-ақ, пандемия кезінде ауылдық округ тұрғындары дәрі-дәрмектерді аудан, облыс орталықтарына бармай ауылдық ФАП арқылы тапсырыс бере алады.

 

Ең бастысы, аудан халқы қазіргі жағдайды жақсы түсініп, той-томалақтарды өткізбеу туралы шешім қабылдаған. Тәртіпке бағыну арқылы тасқалалықтар бұрынғы өмір ырғағына тез келеді деп сенемін.

 

Қарым-қатынасты азайту арқылы туыстарымыз бен достарымыздың өмірлерін сақтап қаламыз. Сонда ғана бізде науқастар саны азаяды. Бұл біздердің дәрігерлерге көрсеткен үлкен көмегіміз болады", - деді Батыс Қазақстан облысының әкімі. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста