БҚО-да мердігер мен шенеуніктер арасындағы даудың кесірінен оқушылар апатты мектепте оқып жатыр

Құрылыс компаниясы мен шенеуніктер арасындағы тартыстың кесірінен Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданындағы мектептің құрылысы межелі мерзімінен кешікті. Мердігер құрылыс материалдары қымбаттап, шығынға батқанын алға тосса, атқамінерлер мұнымен келіспейді. Айналып келгенде, ауыл балалары апатты ғимаратта білім алып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана арнасына сілтеме жасап.

 
Казталов ауданындағы 600 орындық мектеп былтыр ашылуы тиіс еді. Бірақ құрылысы әлі бітпеген. Қазір ауыл балалары апатты мектепте оқиды. Мектеп басшылығы опырылып құлауы мүмкін ғимараттың үшінші қабатын жауып, жарылған қабырғаны темірмен тартып қойған. Бұл аздай, көктемде еріген қар суы жертөлеге ағады. Ал қоғам белсенділері жергілікті әкімдіктен бастап, біраз органның құрылысты уақытылы қадағаламағанын айтады.

 «Казталов ауданындағы мектептің құрылысы тоқтап тұрғанын біз жақында ғана көтерген болатынбыз. Содан кейін ғана аудандық қоғамдық кеңесте бірден талқылап, бұл проблеманы осыған дейін үш жыл бойына ешкім көрмегендей әсер қалдырып жатыр. Ең бастысы - бұл жерде балалардың конституциялық құқықтары бұзылуда. Олар қандай жағдайда оқып жатыр, қалай оқып жатыр, білімнің сапасы қандай?», - дейді заңгер Бауыржан Зәки.
Жаңа мектепті салуға бастапқыда 2 миллиард теңге бөлінген. Кейін баға қымбаттағасын, жоба түзетіліп, тағы 668 млн теңге қосылған. Бірақ кәсіпкер бұл ақшаға құрылыс материалдарын тасу шығыны қосылмай, зиян шектім дейді.

«Бізге пандемия біраз кесірін тигізді, қаржы да уақытылы аударылмады. Іле-шала құрылыс материалдары қымбаттады. Материалды тасудың өзіне 273 миллион теңге жұмсадық. Енді құрылыс басқармасын сотқа беріп, шығынымызды өндіріп алмақпыз. Сотта жеңсек, мектепті салып бітіреміз. Қазір тек ішкі жұмыстары қалды», - деді мердігер мекеме өкілі Татьяна Коршева.
Тасымал шығыны тәптіштелмегенін шенеуніктер де мойындайды. Бірақ құрылысты уақытылы салып бітіруді міндеттеп, мердігерді сотқа беріпті.

«Кірпіштен қаланатын немесе монолит құйып тастайтын мектеп емес. Ол мектепті жинайды осылай: колоннасын қояды, ортасына ригелін қояды, колоннасын қояды, плитасын жабады. Тағы да колоннасын қояды 1, 2-қабаттың. Солай-солай жинайтын мектеп болғаннан кейін, оның бәрін тасымалдау керек ана жаққа. Сметада ол жұмыстар салынбаған. Енді кезінде келісімшарт жасалғанда да ол көрді сол тасымалдау шығындарының жоқ екенін», - дейді БҚО Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Нұркен Молдашев.
Бір-бірін сотқа берген екі тарап жеңіске жетсек, құрылысты алдағы жазда аяқтаймыз дейді. Бірақ оқушылардың өзін сарсаңға салған бұл соттың қашан бітері белгісіз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста