БҚО-да мал бағып жүріп адасып кеткен жасөспірім аман табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
6 қаңтар күні сағат 15:48-де Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылынан 4 шақырым жер шамасында таңертеңгі сағат 10.00-де мал бағып жүріп, ауа райының нашарлауына байланысты бағытын жоғалтқан 2008 жылы туған жасөспірімнің жоғалып кеткені жөнінде облыстық төтенше жағдайлар департаментіне хабарлама келіп түскен.
Іздестіру жұмыстарына төтенше жағдайлар, полиция бөлімдері, жергілікті атқарушы органдар, тұрғындар жұмылдырылды. Іздестіру нәтижесінде 16 сағат 40 минутта жасөспірім аман-есен табылып, медициналық көмекті қажет етпеді.