Бозымбаевтың Сатыбалдымен қандай туыстығы бар

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында жақында ұсталған Қайрат Сатыбалдыұлы өзінің туысы ма деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі kaz.nur.kz-ке сілтеме жасап.

Журналист қазір Алматы облысы әкімінің Қайрат Сатыбалдыұлымен туыстық қарым-қатынасы жайлы мәселе қызу талқыға түсетінін айтты. Бұл сұраққа Қанат Бозымбаев тек жымиып жауап берді.

 

"Менің жымиған себебім, бұл таза жалған ақпарат. Менің Сатыбалды тегіндегі адамдарға еш қатысым жоқ. Бірақ менің қайын атамның, яғни, жұбайымның әкесінің есімі Сатыбалды. Ал оның тегі бөлек, Серікбаев. Ол - сыйлы адам, биыл 75 жасқа толып жатыр. Ол - біздің елге еңбегі сіңген құрылысшы, жобалаушы. Оның да бұл жанұяға (Қайрат Сатыбалдыұлына - ред) еш қатысы жоқ"- деді өңір басшысы.

 

Айта кетейік, осыған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлының ұсталып, тергеу изоляторына қамалғанын хабарлаған болатын.

 

Агенттік оның мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатқанын мәлімдеді.

 

15 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты оған қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

 

Көп ұзамай Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы жұбайы ұсталды.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста