«Бозбала мен бойжеткен» байқауы болды

Оралдағы А.Островский атындағы орыс драма театры «Бозбала мен бойжеткен» атты облыстық байқаудың финалдық кезеңін қабылдады.
Жастар арасында талай сайыс бар-ау, бірақ бұл бүгінгінің бозбаласы мен бойжеткені салт-дәстүрге шорқақ, шаруаның ыңғайын білмейді деген қасаң пікірді теріске шығарған байқау болды. Сайыста аудандық кезең жеңімпаздарымен қатар, қаладағы оқу орындарынан барлығы 14 жұп бақ сынасты. Байқаудың басты мақ­саты  қыз-жігіттердің бойын­­дағы инабат­тылық, әде­мі­лік, сыпайылық, серілік қа­­сиет­терді көрсетіп, өзгелер­ге үлгі ету, жастар­дың бо­йы­­на ұлттық тәрбиені сіңі­ру болды.
Сайыскерлер «Таныстыру», «Нұрлы талант», «Ел мақ­та­ған жігітті қыз жақта­ған», «Қыз­дарға әсемдік жарасады» аталымдары бойынша өнерлерін ортаға салды. Әсіресе «Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған» сайысы ерекше қызықты әрі тартысты өтті. Өйткені бозбалалар финал­дық сыннан бір күн бұрын Асан ауылын­дағы ат спорты мектебінде атқа отыру, аударыспақ секілді ұлттық спорт түр­ле­рі­нен күш байқасса, бойжеткендер Белес ауы­лындағы «Каркула» шаруа қожа­лы­ғы­ның фермасында сиыр сауып, аналарынан үйрен­ген-білгендерін ортаға салды.
Байқау нәтижесінде  М.Өтемісов атын­дағы БҚМУ намысын қорғаған Орал­хан Қажкенов пен Айдана Татаханова бас жүлдеге лайық деп танылды. Сондай-ақ «Ең көрікті», «Ең епті», «Ең талантты» аталымдары өз жеңімпаздарын тапты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста