Жүк көлігі соғып кетіп, қатты зардап шеккен қыздың жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі баланың реанимация және қарқынды терапия бөлімінен бейінді бөлімге ауыстырылғанын хабарлады.
Алынған жарақаттың салдарынан қыздың жағдайы ауыр деп бағалануда. Баланы жоспарлы операцияға дайындауда, оның оң аяғына аутодермопластикасы (тері трансплантациясы) жасалады, - деп хабарлады ведомстводан.
Бұған дейін баланың әжесі де ауруханада жатқаны, оның жағдайы тұрақты ауыр екенін хабарлаған еді.
15 наурызда Алматыда жүк көлігі баласы бар әйелді қағып кетті. Негізгі соққы 11 жастағы қызға түсті. Оның аяғы жұлынып кеткен еді, қуанышқа орай, дәрігерлер оны аман сақтап қалды.