Алда бір жылып, бір суытатын құбылмалы күндер келе жатыр. Мамандар нағыз көктемгі ауа райы наурыздың ортасы ауғаннан кейін ғана қалыптасатынын болжайды.
«Қазгидромет» кәсіпорны гидрометеорологтерінің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің көп бөлігіне белсенді циклон ықпал етеді. Солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарда тұрақсыз ауа райы қалыптасады. Жауын-шашын болып, тұман түседі, боран соғады. Еліміздің батысында ғана күн ашық болады. Теріскейде қар жауады, бұрқасын болады, жел екпіні 28 м/с-ке жетеді. Оңтүстік аймақтарда жаңбыр жауып, көктайғақ сақталады. Алдағы жұма күні, яғни көктемнің алғашқы күні еліміздің солтүстік-шығыс бөлігіне Моңғолия аумағындағы антициклон ықпал етеді. Жауын-шашын болмағанымен, ауа температурасы төмендейді. Солтүстікте түнде 18-25 градус аяз, күндіз 8-13 градус аяз болады, оңтүстік аймақтарда сынап бағанасы түнде 3-8 градус аязды, күндіз 2-12 градус жылыны көрсетеді. Көктемнің жылы күндері елімізге тек наурыз айының ортасынан соң келеді.
Жанат Сатыбалдиева, «Қазгидромет» РМК Гидрометеорология орталығының жетекші инженері:
– Көктем еліміздің солтүстік аймақтарына наурыздың соңында, сәуірдің басында, ал оңтүстік аймақтарға наурыздың ортасында келеді. Наурыз айының ортасында ауа райы құбылмалы болып отырады, бір жылып, бір суиды. Жылы күндер наурыз айының алғашқы онкүндігінің соңында, ортасына қарай және үшінші онкүндігінің басында болады. Ауа температурасының жоғарылауы суық антициклонның әсерінен суық күндермен кезектеспек.
Биылғы көктем кеш келеді
Последние статьи автора