Биыл тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұрған 270 мыңнан астам адам жауапқа тартылды. Бұл туралы депутаттың сауалына берген жауабында ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның сөзіне қарағанда, еліміздің барлық өңірлеріндегі аумақтық ішкі істер органдары жедел профилактикалық шараларды жүргізе отырып, ішкі көші-қонға бақылауды күшейту жөніндегі жұмыстарды атқарып жатыр.
2022 жылы өткізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұрғаны үшін жалпы ел бойынша 272,5 мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, шын мәнінде тұрмайтын адамдарды тіркеген және тиісті тіркеусіз тұруға рұқсат берген 2,9 мың тұрғын үй иесі анықталды.
Сонымен қатар ол шетел азаматтарын көші-қон заңнамасына сай тіркеу мәселесіне тоқталды.
«Учаске» жалпы республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу аясында шетел азаматтары тұрып жатқан жерлер текерілген.
Айта кетейік, жыл сайын тұрғылықты жері бойынша тіркеу және қайта тіркеу үдерісінен шамамен 2 млн адам өтеді.