Биыл күн қашан және қалай тұтылады?

Жалпы күннің тұтылуы, күннің жерге жақындауы сияқты құбылыстар жұрттың қызықтыратын нәрсенің бірі ғой. Астрофизиктердің айтуынша, биыл да сондай құбылыстарға куә болады екенбіз.

Дегенмен Жер мен күннің арасы жақындағанда ол ара қашықтық өзгеріп тұратын көрінеді. Мысалы бүгін екі планетаның арасы барынша жақындап арақашықтық 147 миллион шақырым болған көрінеді.

Бұл жайында 24.kz сайты хабарлады. Жер мен Күннің жақындауы &ndash 2021 жылдың алғашқы астрономиялық құбылысы болды. Бүгін аспанда Күн басқа кездегіге қарағанда анағұрлым үлкен болып көрінді.

Негізінде бұл жағдай әр жылдың қаңтарында қайталанып тұрады. Жер өз орбитасында секундына 29,765 шақырым жылдамдықпен қозғалса, Күнді 365 күн 6 сағат 9 минут 10 секундта толық айналып шығады. Перигелияда (жер мен күннің ең алыс арақашықтығы) 147 млн шақырымды көрсетсе, афелияда (жер мен күннің ең жақын арақашықтығы) 152 млн шақырымға жетеді (шілде айында). Астрофизика зерттеушілерінің айтуынша, бүгін түнде, яғни, қаңтардың 2-нен 3-не және 3-нен 4-не қараған түні ең үлкен көлемде метеориттік нөсер жүреді екен (ол квадрантидтер деп аталады).

Онда сағатына 120 жұлдыз, яғни бір минутта 2 жұлдыз құлайтын көрінеді. Метеориттік жаңбыр негізінен Волопас шоқжұлдызда болады. Биыл екі рет Күн, екі рет Ай тұтылады екен. Дегенмен бізге көлеңкелі болғандықтан Айдың тұтылуы онша білінбейді екен, есесіне 2021 жылы 10 маусымда болатын күннің тұтылуын бақылауға мүмкіндік болады.

10 маусымда болатын күннің Күннің тұтылуы кезінде Қазақстанда Айдың Күн шеңберін 18-20 пайыздай жапқанын байқаймыз. Күннің тұтылуы біздің уақытымызбен 17 сағат 44 минутта басталып, бір жарым сағатқа созылатын болады.

aikyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста