Биыл Алматы облысында 204 жасөспірім жүкті болған

Биыл Алматы облысында 204 жасөспірім жүкті болған. Олардың жасы 15-17 аралығында. Бұл туралы бүгін дін, тіл, этносаралық қатынастар, ішкі және жастар саясаты мәселелері жөнінде тұрақты комиссияның отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Биыл 1 мамырға дейін облыста 204 қыз бала жүкті болған. Олар 15-17 жаста. Ал былтырғы 1 мамырдағы көрсеткіш бойынша олардың саны 228 жеткен. Жүкті болған қыздардың басым бөлігі - колледжде оқитындар»,- деді Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Елдар Сапаров.
Ведомство өкілінің айтуынша, Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес 2021 жылы Алматы облысында NЕЕT санатындағы жастар саны 21 560 адамға жеткен. Олардың білімі жоқ. Еш жерге жұмысқа орналаспаған.

«Қазір осындай жастарды жұмыспен қамту үшін түрлі жобалар жүзеге асып жатыр. Мәселен, Zhas project жобасы бар. Аталған жобаны іске асыру үшін республика бойынша 380,7 млн теңге бөлінді. 4 өңірде жалпы 250 шағын грант көзделген, оның ішінде Алматы облысына 63 жобаның әрқайсысына 1 млн теңгеден қарастырылған. Жобаға 18 бен 29 жас аралығындағы жастар қатыса алады»,- деп толықтырды Елдар Сапаров.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста