Нұр-Cұлтанның тергеу соты бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақтағы мерзімін тағы да ұзартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Судья Талғат Ақшабаев экс-министрдің үйқамақтағы мерзімін ұзарту туралы шешімді бекітті.
“Күдікті Елжан Біртановтың қылмыстық іс материалдарымен танысу мерзімінде екі айға үйқамақтағы мерзімін ұзарту туралы өтініш қанағаттандырылады. Қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде күдіктінің үйқамақта болу мерзімін екі айға, яғни 2021 жылдың 14 қарашасына дейін ұзартылады”, – деді судья.
Қорғаушы тарап айғақтарды кешіктіріп көрсеткен соң, олардың айтқандары есепке алынбаған.
Айта кетсек, Елжан Біртанов 2020 жылдың қарашасынан бері үйқамақта отыр.