Бірін табытқа, екіншісін абақтыға жатқызатынымыз қалай?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Таяуда Алматы гарнизонының №97617 әскери бөлімінде бір тәулік ішінде араға екi-үш сағат салып, мерзімді әскери қызметін атқарып жүрген екі сарбаз өмірден озса, арада екі апта өтер-өтпесте осы әскери бөліммен көрші орналасқан №78460 әскери бөлімінде үш жылдық келісімшартпен қызмет атқарып жүрген тағы бір сарбаз өзіне қол жұмсаған. Жыл басынан бері еліміздің әскери бөлімдерінде 25 қайғылы оқиға орын алған. Ал бұл өткен жылғымен салыстырғанда екі есеге аз екен (өткен жылы 48 қайғылы оқиға орын алған. Алда әлі алты ай бар екенін ұмытпаған да жөн). Ал бұған қуанасыз ба, әлде...

«Жас өркен» ЖШС  бас директорының орынбасары, Ауған соғысының ардагері
Дүйсен Мүсірәлі:
– Әскер деген – темірдей тәртіп. Тәртіп деген – ұрып-соғу емес. Әскери тәртіп әскери жарғымен жүзеге асырылуы тиіс. Бірақ, өкінішке қарай, біздің елдегі әскери бөлімдерде сол тәртіп жоқ болып тұр. «Балық басынан шіриді» демекші, ең сорақысы – қызметке жаңа барған офицерлерді бұрыннан қызмет етіп келе жатқан офицерлердің ұрып-соғуы орын алып жататынын естіп жүрмін. Осыны естіп, көріп жүрген сарбаздар не істемейді? Қатаң тәртіп орнатып, әлімжеттікке жол берген офицерлерді қатаң жазалау керек. Бейбіт күнде сарбаздың өлуіне қалай жол беруге болады? Біз Ауған соғысында қаза болған әрбір солдат үшін дұшпаннан кек алуға серт беретінбіз. Бір-бірімізге туыс-бауыр болдық. Әрине, мен соғысты тілемеймін. Бірақ жастар бір-бірімен туыс-бауыр болса екен деймін.

22 жастағы сарбаздың өз өмірін қыр­шынынан қиюына не себеп? Оқиға ор­нында тексеру жұмыстарын жүргізген тер­геу тобының анықтауынша, сарбаз өз бөл­месінде асылып қалған. Өлім алдында жаз­ған хатта кінәлілердің аттары да атал­ған көрінеді. Қылмыстық іс те қозғалыпты. Ал солай-ақ болсын. Кінәлі сарбазды тауып абақтаға жабайық. Онымен неге же­тісеміз? Он екіде бір гүлі ашылмаған екі боздақтың бірі өлді, екіншісі түрмеге жа­былды. Осымен «жабулы қазан жабулы» деп қоя салуымыз керек пе? Өлген боз­дақтың ата-анасының бетіне қалай қа­раймыз? Командирлердің өз ісін дұрыс атқармағандығының салдарынан қыл­мыс­кер болып отырған сарбаздың ата-анасының жан күйзелісін кім ескереді? Неге осындай орны толмас оқиғалардың орын алуына жол беріп отырған офи­церлер ескертумен ғана шектеліп қала бермек. Ең басты кінәлілер де солар емес пе? Егер олар өздерінің міндеттерін адал орындаса, мұндай қайғылы оқиға орын алмас еді ғой.
 Кейбіреулер «әскер – өмір мектебі, ол мектептен әрбір азамат өтуі керек» деп жатады. Ия, әскер – өмір мектебі. Тала­сымыз жоқ. Ал бірақ сол мектепте, бейбіт күнде 18 жасқа жаңа толған бейкүнә жас­тар қыршын кетіп жатса, ондай мектептің керегі не?
«Жастарымыздың бойында патрио­тизм төмен болып барады» деген пікірді де жиі естіп жатамыз. Кінәлайтындар да аз емес. Ал неге патриоттық сезім төмен? Осындай сауалды ортаға тастай қалсаңыз, әскерилер – жастарды, жастар – қоғамды, қоғам – билікті, билік әскерилерді кінә­лайды. Байқасаңыз бұл – шеңбер. Ал шеңбердің басы да, аяғы да жоқ. Яғни кінәліні таба алмайсыз. Мүмкін жастардың патриоттық сезімінің төмен болуының бір ұшы осында жатқан шығар.
Еліміздің әр аймағында әскери бо­ры­шын өтеп келген жастарды әңгімеге тар­тып, білгеніміз – барлық әскери бөлім­дер­де командирлер білегі жуан 4-5 жі­­гіттің басын қосып, оларға еркіндік бе­ріп, сарбаздардың тәртібін қадағалауды тапсыратын көрінеді. Ал өз кезегінде олар сарбаздарды әскери жарғыда (уставта) көрсетілмеген қызметтерді атқаруға мәж­бүрлейді. Айтқандарын орындамаған­дар­ды ұрып-соғып, білгенін жасайды. Ал командирлер казармаларды бақылаудың орнына, үйінде жылы төсекте жатады. Оның нәтижесі, міне су бетіне қалқып шығып отыр.
Әскери тәрбие – патриотизмді адам бойына сіңіруде үлкен үлес қосатын сала. Әскер нағыз ер-азаматтарды, патриот­тар­­ды тәрбиелеп шығаратын зауыт, фаб­ри­ка деп айтуға болады. Мұнда адам пси­холо­гиялық, моральдық, дене шы­нық­ты­ру, тағы басқа тұрғыда шыңдалып шығады.
Кезінде ата-бабаларымыз жау шапқан кезде жүректерінде үрей, жау алдында қорқыныш дегенді білмеген. Олардың ойларында бір-ақ мақсат болған, ол — туған жерді, туған елді жаудан қорғап, аман алып қалу.
Ал бүгінгі күні бірін, «грузь 200-бен» үйіне, екіншісін мерзім жүктеп темір тор­дың арғы жағына жіберсек, онда жас­тардың санасына патриотизмді қалай ұялатамыз?
Билік басында елім-жұртым дейтін, ел тағдырына немқұрайды қарамайтын аза­маттар болса, бұл мәселені «ұзын арқан, кең тұсау» етпей, шешетін кез келген сыңайлы.
Әскери борышын өтеп жүрген сар­баз­дардың ата-аналарына тілеріміз – Алла жар болып, балаларыңыз отан алдындағы борышын абыроймен атқарып, отбасыла­рыңызға аман оралғай.

Отан алдындағы борышын өтеп жүрген әскердің әкесі Әріп­бек:
– Баламыз осы көктемде әскер қа­тарына қызмет етуге кетті. Әс­кери бөлімдерде орын алып жат­қан жағдайларды естігенде жүрегіміз ауырып, таңды ұйқысыз атырамыз. Анасы «астыңдағы көлікті сатып, баланы әскерден алып қал» деп қанша айтса да көнбей қойып едім. Қазір өкінемін. Солай істеуім керек екен. Патриоттық сезімі биік болсын, Отан алдындағы борышын өтесін дегенім еді. Ендігі тілегіміз – Жаратушы жар болып, отбасына баламыз аман оралсын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста