"Бір айда TikTok арқылы 500 мың теңге табамын": Сарыағаштық келіннің жарты жыл ішінде желі арқылы өмірі қалай өзгерді

Түркістан облысы Сарыағаш қаласының 29 жастағы тұрғыны Айгерім Оңғарованың блогер ретінде өзін дамытып жүргеніне бір жыл болыпты. Қазіргі уақытта ауылдың қарапайым келінінде TikTok-та 360 мыңнан асатын, Instagram-да 60 мыңнан жоғары оқырманы бар. Айтуынша, бүгінде тек TikTok-тан айына 500 мың теңге табыс тауып отыр. Айгерімнен желідегі “жұмысы” мен келіндік қызметі туралы сұрадық.

Айгерім Оңғарова, жеке архивтен

Сарыағаштық келіннің жеке өмірі

Бүгінде Айгерім Оңғарова TikTok-та ауылдағы келін тіршілігі жайлы қызықты видеолар түсіріп, танымал бола бастаған. 29 жастағы әйел – отбасылы, төрт баланың анасы. Ауылда жолдасы, балалары, қайын атасымен бірге тұрады.

“19 жасымда тұрмысқа шыққанмын. Қазір үш қыз, төрт бала тәрбиелеп отырмын. Үлкені – сегіз жаста, ал кішісі бірден асты, қазіргі уақытта декреттемін”, – дейді ол.

Төрт баласымен үйдің тіршілігін өз мойнына алып, кейде мал да қарайтын шаруаға пысық келінге оқырмандары “барлығын қалай үлгересіз” деп жиі сұрап жатады. Оның жауабы ретінде кейіпкеріміз былай дейді:

“Шынымды айтсам, мен барлығына үлгермеймін. Анда-санда үйде ер азаматтар жоқ кезде мал қараймын.  Қиялымда барлығын үлгеріп, өзімді бақытты сезініп отырамын. Үйдің тіршілігін әлі бітіре алған жоқпын (күледі – авт.). 

Бір видео түсіруге кейде бір сағат, ал тамақ дайындайтын видеолар болса, бірнеше сағат кетіп қалады. Барлығын өзім түсіремін. Монтажды өзім жасаймын. Ешқандай курстарға қатысқан емеспін. Барлығын интернеттен тегін үйрендім”, – дейді ол.

Айгерімнің негізгі мамандығы – биорганикалық химия саласы. Алайда ол дипломы бойынша жұмыс істемеген. Кондитерлік өнімдерді қолдан жасап, сатып табыс тапқан. 

“Барған жерім оқу мәселесіне жақсы қарағандықтан, оқуымды жалғастырып, диплом алдым. Бірнеше жыл бұрын енем қайтыс болды. Қара шаңырақтың тіршілігі өзіме қарап қалған соң да жұмысқа шыққан жоқпын. Тәттілер пісіріп, жақсы табыс тауып жүрдім. Бірақ отбасым күні-түні жұмыс істеуге қарсы болды. Сондықтан оны да қойдым”, – дейді блогер.

Бәрі неден басталды?

Айгерімнің сөзінше, TikTok-тағы контентті дамыту өзінің идеясы болған.

“Бір-екі видео салған соң оқырмандар тарапынан керемет кері байланыс алдым. Қайын сіңлім мен қайын інілеріммен бірге ойнап жүріп түсірген видео еді. Сол кезде іштегі өнерім сыртқа “шықты”, – дейді ол.

Айтуынша, желі арқылы танымал бола бастаған соң өмірі де өзгерген. Бұл тек материалдық жағынан емес, рухани өсу болды деп отыр Айгерім.

“Өзгеріс болды. Өз-өзіме деген сенімділік ұлғайды. Қолымнан бір нәрсе келеді екен ғой деп ойладым. Күш-қуат пайда болды”, – дейді төрт баланың анасы.

Қазір Айгерім TikTok-тан табыс тауып отырғанын жасырмай айтты. 


“Үлкен компаниялардан жарнама аламын. Бір айда 500 мың теңге табатынмын. TikTok-ты дамыта бастаған соң 5-6 айдан кейін жарнама ала бастадым. Ол уақытта оқырман саны 150 мыңға жетіп қалған. Алайда Жаңа жылдан кейін жарнама бәсеңдеп қалғаны рас”, – дейді блогер жасырмай.

https://www.tiktok.com/trending?referer_url=https://stan.kz/&referer_video_id=7015798776451452162&refer=embed 

Алғашқы миллион қаралым 

“Ең алғаш рет салынған видео көп қаралған жоқ. Музыка сүйемелдеуімен жасалған қарапайым видео болды. Ал одан кейін үйдегі қалып қалған азық-түліктен тамақ істегенім бар, соған дыбыс жазып жарияладым. Алғашқы миллион қаралым әкелген видео осы. Бұл видеоға нашар пікірлер жазған хейтерлер көп болды.

Қазіргі уақытта ең көп қаралған видео 5,5 миллионға жетті. Бұл менің тойға бара алмай қалғаным туралы видео болатын. Олардың кейбірі өмірден алынған жағдайларға негізделеді. Мәселен, кейде тіршілікің көптігінен шаршап тойға бара алмай жатамын. Осы себепті барлық тіршілікті істеп, тойға баруға құлшынысым жоғалып ақырында ұйықтап қалғаным туралы видео жасағым келді. Әрине, бұл – әзіл”, – дейді ол.

Айтуынша, оқырмандарының 80 пайызы өзін қолдайды

“Хейтерлердің арасында жасағанымды сынайтардар бар, ақыл айтатындар да табылады. “Мұндай тамақ беруге болмайды”, “сенің жасап жатқаның дұрыс емес”, “тамақты олай қуыруға болмайды”, “киімің жараспайды” дейді. Оның бәрін көңіліме қабылдамаймын”, – дейді блогер. 

“Жолдасым видеоға түспейді”

Айгерімнен желідегі образына отбасы қандай пікірде деп сұрадық. Оның сөзіне қарағанда, жақындары бастапқыда қарсы болған, бірақ кейін бастамасын қабылдаған.

“Қарсы болды, онша мән бермедім. Бастысы жолдасым жақсы қабылдады. Кейде видеолар көңілінен шықпай қалса, ескертіп қояды. Жолдасым идея да айтып отырады. Өзі Ішкі істер қызметкері болғандықтан видеоға мүлдем түспейді.


Келін болып түскеннен кейін бірнеше жылдан соң енем қайтыс болды. Ал қазір қайын атаммен бірге тұрамыз. Алайда ол кісі видеоларымды әлі көрген жоқ. Көбіне жұмыста жүреді. Көрсе, қысылып қалатын сияқтымын”, – дейді Айгерім.

Ауыл адамдарының образын көрсеткім келеді

Бастапқыда видеоларымның мақсаты – адамдарға көңіл күй сыйлау, мотивация беру болды, дейді блогер. Алайда қазіргі уақытта контентінің стилін өзгертіп, оқырманға жаңа бағытта видеолар түсірмек.

“Ауылдағы адамдардың образдарын көрсетсем бе деймін. Өзім сияқты форматта видео түсіретіндер қатары көбейді. Ал енді басқа бағытқа көшу керек. Пайдалы, маңызды тақырыптар көтерсем деймін”, – дейді ол. 

Сондай-ақ, блогер көшеде өзін танып жататындар бар, дейді. Өзін жұлдыз санамаса да, желі арқылы әртүрлі мүмкіндіктер ашылды дейді. 

“Сарыағаш қатты үлкен емес. Көріп, танығандар “TikTok-тағы әйел емессің ба?” деп жатады. Басында біртүрлі болатынмын, қазір керісінше қуанамын. Өзім сияқты блогерлермен араласу. Өз идеямдағы ойымды елге жеткізу. 

Мақсаттарымның ішінде, кішігірім бизнес ашу бар. Контентімді ары қарай да дамытсам деп отырмын”, – деп қорытындылады сарыағаштық келін.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысына келін болып түскен Насиба Тұрсынбаева туралы жазған едік. 23 жастағы 4 баланың анасы от жағып, мал қарап, қырдағы жалғыз үйдің тіршілігін атқарып қана қоймай, кішігірім блогымен де Instagram желісінде көпке танылған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста