Білімнен гөрі, грант қуған түлектен қандай инженер шығады?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Ел Үкіметінің индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын қолға алғанына біраз уақыт болды. Осыған орай, мемлекет тарапынан техникалық мамандықтарға бөлінетін гранттардың саны да артты. Алайда осы гранттарға түсетін жастардың білім сапасы көп жағдайда сын көтермейді. Себебі мектеп түлектері және олардың ата-аналары әлі күнге дейін техникалық факультеттерді «қосымша аэродром», яғни «жеңіл» грант алып, жоғары білім алып шығудың бір жолы ретінде қарастырады.
Иә, ондай ата-аналар көп. Аста­­надағы іргелі оқу орын­дары­ның қабылдау комис­сия­ларын аралап шыққан біздер осы­ған тағы бір мәрте көз жеткіздік. Ондай жерде: «Басқасына ұпайы­мыз жетпейді. Сондықтан техни­калық маман­дық­тарға тапсы­райық. Оның грантын алу үшін көп ұпай­дың қажеті жоқ», – деген ақыл-кеңестерді жиі ести­сің. Сосын төрт бірдей мамандыққа құжат тапсы­рып қояды да, «әйтеуір, біреуіне түсеміз» деп кете береді. Қоғам ішінде белең алып бара жатқан мұндай үрдістің кесірі көп. Бірін­шіден, мектеп тү­легі өзі оқимын деген маман­дықты таңдамаса, төрт жыл бойы өзін-өзі қинап шыға­ды. Ал оқуды әупі­рім­деп бітір­ген соң, бәрібір басқа маман­дықтың иегері атанып жү­реді. Екіншіден, техни­калық маман­дықтарға еріксіз келіп түсетін мектеп түлектерінің білім деңгейі көп жағдайда 70 ұпайдан аспай жатады. Осы санаттағы маман­дыққа 50 (!) ұпаймен де түсіп, грантқа ие бол­ған жастар бар. Демек, техникалық факуль­тет­тер сияқты «қосымша аэрод­ром­ға» тек білімі төмен жастар келіп «қонады». Түптің-түбінде осының барлығы техникалық білім беру сапасына кері әсерін тигі­зе­тінін жасырмау қажет. Ал, ең бастысы, біз ел индустриясына қажет­ті маман­дарды даярлай ал­май, кәсіби мамандарды бұрын­ғы­дай тек шетелден ғана шақыра береміз.
                                    Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)
Саяхат НӨКЕШЕВ, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті техникалық факультетінің деканы:
– Шыны керек, бүгінде техникалық мамандықтарға түсіп жатқан мектеп түлектерінің білімі тиісті дәрежеге сай деп айта алмаймыз. Олардың басым бөлігі тек грант алу үшін ғана келеді. «Диплом алсақ болды, жұмыстың жайын оқуды бітірген соң қарастырып жатармыз», – деп түседі. Ондай проб­ле­ма бар. Грантты іздеп келетіндердің ұпайы да төмен болады. Бізге түсетін барлық талапкерлердің тек 30 пайы­зында ғана жоғары ұпай болса, қал­ғандардың білімі 50-70 ұпайдан аспайды.

Әлбетте, бүгінде жоғары оқу орнын­да­ғы төртжылдық оқудың ақшасын кез кел­ген адамның қалтасы көтере бермейді. Оны да түсінуге болады. Әсіресе ауылда тұратын көпбалалы отбасылар үшін ондай гранттардың көмегі зор. Негізі, сол тех­никалық мамандықтарды ауылдың жаста­ры жиі жағалап жүреді. Оқытушылардың айтуынша, нақты қай мамандыққа түсерін біле алмай, «адасып» жүретіндер де со­лар. Қала жастары үшін ондай проблема жоқ. Олар, көп жағдайда, қай мамандық бо­йынша оқитындарын біледі. Соған қа­рай ыңғайланады. Ал түспей қалса, әке-шешесі өз ақшасына оқытады. Дегенмен олардың арасында да техникалық маман­дықтарға «адасып» келетіндер кездеседі. Өкінішке қарай, олардың барлығы бір-екі жылдан кейін оқудан шығып кетеді.
Ашығын айту қажет, бүгінде баланың болашақ мамандықты таңдау мәселесіне келген кезде, ата-аналар мектеп мұғалім­де­ріне сілтеп жатады. Әрине, баланың өмір­лік жолы сол кезде анықталады. Алай­да үйдегі тәрбиенің, баланы компью­тер­ге емес, еңбекке баулудың да әсерін ұмытпау қажет. Еліміздің іргелі жоғары оқу орындарында білім беріп жүрген белді ғалымдар да бұл мәселеге ерекше көңіл бөлу керек деп отыр. Әсіресе мектеп жа­сындағы баланы сан алуан үйірмелерге қа­тыс­тырып, техникалық құрастыру алаң­дарына апарудың маңызы зор. Мектепке университет ғалымдарын шақырып, дәріс оқытуға да болады. Себебі ондай кез­де­сулер кезінде балалардың техникалық мамандықтарға деген қызығушылығы артады.
Әбдіраш АҚЫЛБЕКОВ, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті физика-техникалық факультетінің деканы, профессор:
– Қазір мектептің білім беру деңгейі Ұлттық бірыңғай тестілеудің көрсеткі­шімен өлшенеді ғой. Сол себепті бұрын мұғалімдер оқушыларға жеңіл пән­дерді таңдатқызатын. Қазір де сондай үрдіс бар. Әрине, көп нәрсе мектеп да­йындығына байланысты. Сондықтан мектеп түзелмей, ел экономикасына қа­жетті маман даярлау да қиын. Жасы­ратыны жоқ, бізге физика пәні бо­йынша жастар ең төмен ұпаймен түсіп жатады. Неге? Себебі мектептің дайын­дығы төмен. Балаларға мектеп жасы­нан бастап дұрыс бағыт беретін мұға­лім болуы қажет қой.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста