Бердібек Сапарбаевтың ұлын қызметінен алу талап етілді
Әлеуметтік желілерде елорда тұрғындары қоғамдық көліктің жұмысына және Астанадағы жолдардың жай-күйіне қатысты көп шағым жазып жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасын Жансұлтан Сапарбаев басқарады. Ол бұл қызметті 2020 жылдың 12 қарашасынан бері атқарып келеді.
Елордалық Ерлан Сәкенов соңғы үш жылда қала жолдарындағы жағдай бұрынғыдан бетер нашарлай түскенін айтты.
"Желіде қоғамдық көліктің жұмысына және Астанадағы жолдардың жай-күйіне шағымдар өте көп. Жұрт бұл азаматтың бұл қызметте отырғаны дұрыс емес деп есептейді. Мен оларды түсінемін. Қоғамдық көліктер мен жолдардың жағдайы мүшкіл. Астана ел картасында масқараға айналды", - деп жазды Сәкенов.
Айта кетейік, Жансұлтан Сапарбаев – Жамбыл облысының экс-әкімі Бердібек Сапарбаевтың ұлы.