Белгілі әнші жансақтау бөліміне түсіп қалды: Оған көмек қажет
QURT бүркеншік атымен танымал қазақстандық әнші Дамир Қойшыбаев жансақтау бөлімінде жатыр. Оның денсаулығы туралы ақпаратты әртістің әріптестері желіде таратты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Атап айтқанда, әнші QURT-тың жағдайы туралы ақпаратты Скриптонит (Әділ Жәлелов) Instagram Stories-те баяндады.
"Біздің досымыз Дамир Қойшыбаев (Qurt) жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты, бірақ ауыр. Кез-келген топтың қаны шұғыл қажет. Алматы, Бұқар Жырау, 47 мекенжайы бойынша орналасқан қан құю орталығында тапсырсаңыздар болады", - деп жазды музыканттың әріптестері.
Музыканттың әріптестері таратқан ақпаратқа сүйенсек, жас жігіт скутерден құлап кеткен.
Ақпаратты Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады.
"Науқас шынымен ауруханада, жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы туралы қандай да бір ақпарат өзінің не заңды өкілінің рұқсатымен ғана беріледі", – деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.
БАҚ-та жазылғанн ақпарат бойынша, әртіс 22 жаста. Астанада дүниеге келген. Бұрын Скриптонитпен жұмыс істеген.